Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 29 наурыздағы «Қазгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша № 5 дауыл ескертуі жарияланады.

2024 жылғы 29 наурыздағы «Қазгидромет» РМК  филиалының ақпараты  бойынша № 5 дауыл ескертуі жарияланады.

2024 жылғы 1 – 5 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр және жабысқақ қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ күндізгі ауа температурасының ары қарай жоғарылауы болжануда.

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысында қардың қарқынды еруі күтілуде. Қардың айтарлықтай мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын және мұз қабықшасының болуын ескере отырып, еріген қар ағынының топыраққа сіңуі қиын болады. Бұл жер үсті су ағынының пайда болуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуіне, сонымен қатар судың жайылуы мен басуына алып келуі мүмкін.

Сізге төтенше жағдайлардың орын алуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:

су басуға бейім елді мекендерде қосымша бақылау постарын ұйымдастыру;

азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құралымдарын ықтимал су басу аймағында авариялық-құтқару және басқа жұмыстар орындау үшін  шоғырландыру;

халықты, оның жеке мүлігі және ауыл шаруашылық жануарларын су басу аумағынан қауіпсіз орындарға эвакуациялауды ұйымдастыру;

халықты эвакуациялау жағдайында оларды уақытша орналастыру орындары мен бірінші кезектегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.

су басу жағдайында әрекет ету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.

Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
02 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы