2024 жылғы 20 наурыздағы «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша
№2 дауыл ескертуі жарияланады.
2024 жылғы 23-26 наурыз аралығында күндізгі ауа температурасының жоғарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қарқынды қар еруі және қар ағынының қалыптасыу күтіледі, бұл ретте су басуы мүмкін.
Сізге төтенше жағдайлардың орын алуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
су басуға бейім елді мекендерде қосымша бақылау постарын ұйымдастыру;
азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құралымдарын ықтимал су басу аймағында авариялық-құтқару және басқа жұмыстар орындау үшін шоғырландыру;
халықты, оның жеке мүлігі және ауыл шаруашылық жануарларын су басу аумағынан қауіпсіз орындарға эвакуациялауды ұйымдастыру;
Халықты эвакуациялау жағдайында оларды уақытша орналастыру орындары мен бірінші кезектегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.
Су басу жағдайында әрекет ету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.
Солтүстік Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар
департаменті бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі Д. Растихин