Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығындағы өлім-жітім мен өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар

Ауыл шаруашылығындағы өлім-жітім мен өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар

     

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқаратын өкілдерге қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік жүктелген.

Агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарындағы егіс жұмыстары ауыл қызметкерлерінің өндірістік күнтізбесіндегі ең жауапты және шиеленіске толы жұмыстардың бірі болып табылатыны ешкімге құпия емес. Оларды ұйымдастырып, өткізу ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларынан нақты шешім қабылдауды, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша барынша нәтиже алуға бағытталған техникалық және адами ресурстарды шоғырландыруды талап етеді.

Еңбек немесе технологиялық тәртіптің төмендігі, тиісті оқытудың жүргізілмеуі, жұмыс уақытында алкогольді ішімдікті пайдалану және шенеуніктер тарапынан еңбек процесіне тиісті бақылаудың болмауы салдарынан адамдардың еңбекке қабілеттілігін, тіпті денсаулығын жоғалтқанын ешқандай себептермен ақтау мүмкін емес.

Өндірістегі жарақаттануды азайтудың негізгі жолы, осы бағыттағы көп қырлы жұмыстың өзегі алдын алу болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметі процесінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-профилактикалық іс-шараларды іске асыру мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесі енгізілуі тиіс.

Дала жұмыстарының барлық кезеңдерінде лауазымды адамдар мен қызметкерлер үшін белгіленген еңбекті қорғау, еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын сақтау арқылы олардың өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы, көлік құралдарын, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзуы, еңбекті қорғау бойынша оқыту мен нұсқау берудегі кемшіліктер, еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтамауы көбінесе орын алған жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып табылады.

2019 жыл мен 2023 жылғы 1 тоқсан аралығында облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында әртүрлі ауырлық дәрежесі анықталған 48 жазатайым оқиға болды.

Оның ішінде аталған салада  10 адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиға және 29 ауыр дәрежедегі жазатайым оқиға орын алды.

 

Осыған байланысты, дала жұмыстары басталғанға дейін:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарап,  қызметкерлерді таныстыру;

- барлық қызметкерлермен қауіпсіздік техникасы бойынша жоспардан тыс нұсқама жүргізу;

- қызметкерлермен еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізу;

- бөлімше басшыларымен жұмыстардың орындалуына тұрақты және нақты бақылау жүргізу қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізу;

- техниканың, жабдықтың, құралдың жарамдылығын тексеру және қажет болған жағдайда жөндеу немесе ауыстыру;

- арнайы киіммен және аяқ киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін тексеріп, ажет болған жағдайда толық көлемде қамтамасыз ету;

- жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

Қызметкерлердің қауіпсіз және зиянсыз еңбегін қамтамасыз ету - біздің ортақ міндетіміз. Ертең қызметкерлерді емдеу және зардап шеккендердің отбасыларына көмектесу, апаттан кейін қираған үй-жайларды қалпына келтіру, зақымдалған техника мен жабдықтарды жөндеу үшін үлкен қаражат жұмсағаннан гөрі, бүгінгі күні қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қаражат салу тиімдірек болар еді.

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ

басшысы М. Омаров

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы