Аққайың ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылға арналған қызметі туралы есеп

Аққайың ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылға арналған қызметі туралы есеп

 

            Аққайың ауданында 55 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

            Сыбайлас жемқорлықты бақылау және оған қарсы тұру мақсатында аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ішкі бақылау қызметі құрылды.

            2025 жылы барлығы 2525 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:            - көрсетілетін қызметті берушілер кеңсе арқылы көрсетілетін қызметтер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетіндерді қоспағанда) қағаз түрінде – 0            - көрсетілетін қызметті берушілер баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы көрсетілетін, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 47 (1,8%)            - Мемлекеттік корпорация арқылы қамтамасыз етілген – 140 (5,6%)            - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіледі («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 300 (11,9%).            көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («Электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) «Е-Собес» ИАЖ – 188 (7,5%).            -электрондық мемлекеттік қызметтердің жалпы саны -1850 (73,3%), оның ішінде:            - 1662 «электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылады            - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіледі («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) «Е-Еңбек нарығы» ИАЖ – 188            Барлығы 2025 жылы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 10 бақылау іс-шарасы өткізілді.             2025 жылы дәлелді бас тартулар болған жоқ.            2025 жылы қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.            Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунттарда 324 түсіндіру шаралары өткізілді. Осы іс-шаралар кезінде халықты қамту 1862 адамды құрады.            АДГС  ресми YouTube арнасында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы 4 танымдық бейнеролик орналастырылды.            Аққайың ауданы тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында Аққайың ауданы әкімінің Facebook желісіндегі парақшасында, сондай-ақ ZOOM платформасында тікелей эфирде Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында 9 сұрақ түсіп, оларға түсініктемелер берілді.            Аққайың ауданы тұрғындары арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ZOOM платформасында Аққайың ауданы бойынша қоғамдық кеңестің отырыстары өтті.            Қоғамдық кеңестің жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» МКК» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Аққайың ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімі қатысты.            2025 жылы аудан әкімінің аппараты «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды, ауыл және қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметі бойынша бастамашылық хат жолдады.            «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті және атқарушы органдар жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың шешімдер қабылдауы және тұрғын үй беруі» мемлекеттік қызметі бойынша.            Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінен аталған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданды.            Аққайың ауданында ауданның аудандық бөлімдерінде, ауылдық округтер әкімдіктерінде, кітапханаларда, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде тұрғындар өз бетінше электрондық қызметтерді ала алатын 38 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, олар арқылы 2025 жылы халық 3630 электрондық мемлекеттік қызмет алды.

Аққайың ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылға арналған қызметі туралы есеп
Дата публикации
15 апреля 2026