САЙЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

САЙЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

 

2026 жылғы 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің әкімін сайлау өтті. Аққайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Смирново ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде:

Смирново ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары бойынша Смирново сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде 4166 азамат бар, олардың ішінен дауыс беруге 3337 сайлаушы қатысты. «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны – 152. Дауыс беруге арналған ғимараттан тыс дауыс берген сайлаушылар саны – 156.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Башинская Е.В. -2 04; Бондаренко А.П.- 2742; Пипко Н.Г.–187.  

           Бондаренко А.П. - Смирново ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1978 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы мекенжайында тұратын, «АМАНАТ» партиясы» ҚҰ Аққайың аудандық филиалы ұсынған.

 

 

 

                                               Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

САЙЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
16 февраля 2026