Әңгімелесу

Аккайын ауданының Отбасы қолдау орталығының мамандары 3 желтоқсан күні бір отбасымен буллинг мәселесі және туындаған жанжалды жағдайды шешу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында мамандар анасының көзқарасын мұқият тыңдап, оның қабылдаған шараларын және баламен қарым-қатынасының ерекшеліктерін талқылады. Орталықтың психологы мен заңгері қажетті ұсыныстар беріп, мұндай жағдайларда отбасы мен мамандардың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме қорытындысы бойынша балаға қолдау көрсетіп, отбасылық өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған оң және конструктивті шешім қабылданды. Қажет болған жағдайда орталық отбасыға әрі қарай да қолдау көрсетуді жалғастырады.

Дата публикации
18 декабря 2025