Ауыл тұрғындарын аудандық Отбасы қолдау орталығының қызметімен таныстыру және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында 27 қараша күні қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, буклеттер мен парақшалар таратылды. Шараның мақсаты – тұрғындардың хабардарлығын арттыру, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және көмек көрсету тетіктері туралы мәлімет беру.