Жастарды ауданның Отбасы қолдау орталығының жұмысы жөнінде ақпараттандыру мақсатында 25 қараша күні Смирнов мектебі-гимназиясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға Орталықтың қызмет бағыттары, оның мүмкіндіктері мен көрсетілетін қызметтер туралы айтылды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, әр отбасыға пайдалы болуы мүмкін көмек түрлері жайлы ақпарат алды.
Мұндай жұмыс жасөспірімдердің хабардарлығын арттыруға, отбасылық әл-ауқат құндылықтарын нығайтуға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға септігін тигізеді.

