2025 жылғы 13 қарашада ауылдық округтің мобильді тобы, отбасыны қолдау орталығы және емхананың психологы бірлесіп аталған отбасына бару жүргізді. Бұл отбасында кәмелетке толмаған балалар бар.
Профилактикалық іс-шаралар барысында балалармен әңгімелер жүргізілді, психолог тарапынан жұмыс атқарылды, сондай-ақ мектепке міндетті және жүйелі түрде бару қажеттілігі және осы міндеттер орындалмаған жағдайда туындайтын салдарлар түсіндірілді.
Кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі де түсіндірілді.