10 қараша күні Отбасы қолдау орталығының жетекшісі Қалімбетова К. Н. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметі бастығы, әділет майоры Ахметжанова Р. Қ. және Аққайың ауданының пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Бекболатов Д. Т.мен танысу кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар атқарылған іс-шаралармен танысып, өзара тәжірибе алмасты және алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарын талқылады. Әсіресе, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мен отбасы институтын қолдауға бағытталған бірлескен іс-шараларды тиімді жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
