Директор – Қалімбетова Кулшіра Нұрмағанбетқызы, 1968 жылдың 24 қаңтарында туған, ұлты — қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы. Ресей Федерациясының Тюмень облысы, Казан ауданы, Огнево ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Терешкова көшесі 7-үйде тұрады.
П. Ершов атындағы Ишим мемлекеттік педагогикалық институтында білім алған.
Еңбек жолын 1988 жылдың сәуір айында Свердлов теміржолы Ишим станциясындағы №138 ясли-бақшасында тәрбиеші болып бастаған.
2000 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударуына байланысты Смирново орта мектебі №1-ге кітапханашы ретінде қабылданды. 2010 жылдың қыркүйегінде бастауыш сынып мұғалімі қызметіне ауыстырылды.
2013 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Смирнов қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі» КММ-ге әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ретінде қабылданды. 2016 жылдың қарашасында әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметіне ауыстырылды.
2019 жылдың желтоқсанында Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не әдіскер қызметіне қабылданды.
2025 жылдың қараша айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Отбасы қолдау орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.