2024 жылғы 30 қазандағы «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша № 23 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады

2024 жылғы 30 қазандағы «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша № 23 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады:

31 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Петропавл қ.: 31 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес Сізге іс-шаралар кешені бойынша ұйымдастыру және өткізу қажет:

жел жүктемелерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың (шатырлардың, қаптамалардың) конструкцияларын күшейту және қолайсыз климаттық факторлардың (температураның өзгеруі, жел жүктемелерінің) әсеріндегі конструкциялардың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін;

авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіруді;

елді - мекендердерден шыққан автокөліктердің қозғалысын бақылауды;

ауру азаматтар мен босанатын әйелдердің есебін, қажет жағдайда ауа райы жағдайының нашарлауы кезінде оларды аудандық немесе облыстық ауруханаларға жеткізуді;

ата-аналар арасында балаларды қараусыз қалтыруға жол бермеу туралы, және балалардың елді мекендердің шегінен шығуына, әсіресе ауа температурасының күрт төмендеген, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын кезінде шығармау туралы түсіндіру жұмыстарын өткізуді;

жағдай шиеленіскен кезінде жолдарды жабу, тазарту бойынша және керекті жағдайларда жолдарды құм қоспасымен, техникалық тұзбен себу  бойынша шаралар жүргізуді.

Қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек;

жеке автокөлікті ағаштар мен тозған құрылыстардан алыстату;

терезелерді қағып кетуден мүмкіндігінше қорғау және терезе жақтауларын бекіту;

электр қуатын өшіру;

жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек;

балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

үйлердің қабырғаларына жақын болмау, өйткені шатырлардан шифер құлауы мүмкін және басқа да шатыр материалдарын, қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында болмау;

қатты жел кезінде электр желісінің астында тұру және үзілген электр сымдарға жақындау өлімге әкеледі;

         жолда, ашық жерде болған кезде шұңқырда, жырада жасырынған дұрыс және жерге жақын болу.

көлік жүргізушілерге елде мекендерден аса қажетсіз жағдайларда шықпау керек.

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.

Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.

Дата публикации
31 октября 2024