Семинар-тренинг

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған референдумды ұйымдастырушылардың кәсібилігін арттыру мақсатында бүгін, 18 қыркүйекте Аққайың ауданының
№103,113,114,115,116,117,669,670 учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен семинар-тренинг өтті.
Семинарда республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру мәселелері (референдумның учаскелік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, азаматтардың тізімін нақтылау және т.б.) қаралды. Учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары О.Э.Плищенко және №115,117,669 учаскелік референдум комиссиясының төрағасылар Л.Т.Қыдыкова, Н.О. Ғалимов, Г.В.Бабинова дауыс беру күні болатын ахуалдық міндеттерді пысықтай отырып, кейстік тапсырмаларды көрнекі түрде талдады. Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Дата публикации
18 сентября 2024