ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

          2024 жылғы 19 мамырда Аққайың ауданы  Астраханка ауылдық округінің әкімін   сайлау өтті.

         Аққайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституция Заңының 14-бабы      9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Астраханка ауылдық округінің әкімін  сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының  хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Астраханка ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 669 азамат енгізілді, оның  340 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсы»  деген белгімен - 15. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар - 44.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Т.В. Кокорская – 251;  Қ.А. Құрманғалиев – 61; Ә.Б. Перчик - 3.

         Астраханка  ауылдық округінің әкімі болып  Татьяна Владимировна Кокорская сайланды, 1966 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Астраханка  ауылында тұрады,  «AMANAT»  партиясы» ҚБ ұсынылды.

 

 Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
20 мая 2024