Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 4 кандидат, оның 1 (25%) – саяси партиядан, 3 (75%) - өзін-өзі ұсынды.
«AMANAT» саяси партиясы бір кандидатураны ұсынды.
Орташа бәсекелестік 4 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, 2024 жылғы 28 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.
Аудандық сайлау комиссиясы