2024 жылдың 19 мамырына тағайындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Аққайың аудандық

сайлау комиссиясының

2024 жылғы 10 сәуірдегі

№ 8/02 қаулысына қосымша

 

 

 

2024 жылдың 19 мамырына тағайындалған,

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

 

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімі)сайлауын тағайындау

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 10 сәуір

(113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аққайың аудандық сайлау комиссияның құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың  аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Аққайың аудандық  сайлау комиссияның құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 25 сәуірден кешіктірмей

 

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аққайың ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2024 жылғы 25 сәуірден кешіктірмей

 

(23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 11 сәуірде басталады және 2024 жылғы 23 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

(113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

 

(113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үшкүндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке куәліктерді беру және құжаттандыру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үшкүндік мерзімде

 

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша)

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 11 сәуірде басталып, 2024 жылғы 28 сәуірде сағат он сегізде аяқталады

 

(113-5-б. 14-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттеуге арналған баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

 

Аққайың ауданының әкімдігі және Аққайың аудандық

сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады

2024 жылғы 28 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 18 сағаттан бастап және 2024 жылғы 18 мамырда сағат нөлде аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аққайың ауданының әкімдігі және Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

 

Аққайың  аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 28 сәуір

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 3 мамыр

 (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 8 мамырдан кешіктірмей

 

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 16 мамырдан ерте емес және 2024 жылғы 18 мамырға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

2024 жылғы 19 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

2024 жылғы 19 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

2024 жылғы 19 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей

 

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2024 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

 

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2024 жылдың 19 мамырына тағайындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
10 апреля 2024