Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Аққайың ауданы мәслихатының шешім жобасы

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының  3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына  сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы  

Аққайың ауданы  

мәслихатының төрағасы

                               Е. Жәкенов

Аққайың ауданы мәслихатының шешім жобасы
Дата публикации
16 февраля 2024