Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

 ЖОБА

Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Аққайың  ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жетекшілік ететін әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

        Аққайын  ауданының

                      әкімі                                                          Р. Елубаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
14 февраля 2024