Аққайың ауданы әкімінің аппаратында 2023 жыл қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
Аққайың ауданы әкімінің аппаратына (бұдан әрі - Аппарат) 2023 жыл үшін 251 өтініш түсті және қаралды, соның ішінде:
- жеке тұлғалардан - 168;
- заңды тұлғалардан - 83;
- соның ішінде жеке қабылдау - 63.
251 өтініштің барлығы белгіленген мерзімде қаралды, соның ішінде 189 өтініш аппаратта қаралды, 62 өтініш жүгінушілерге ескерте отырып, құзыреттілігі бойынша қарастыру үшін басқа субъектілерге жолданды. Қаралған өтініштер бойынша төмендегідей шешім қабылданды:
Барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шағымдану құқығы түсіндіріле отырып белгіленген тәртіпте жауаптар берілді.
Өтініштерді сипатына қарай талдау төмендегі мәселелер бойынша барынша көп өтініш түскенін көрсетті:
|
Өтініш мәселесі |
2023 |
|
- ТҮКШ |
47 немесе 19 % |
|
- жер және жер пайдалану |
35 немесе 14% |
|
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақылық қамту |
14 немесе 5% |
|
- тұрғын үй ұсыну |
8 немесе 3 % |
|
- құрылыс |
7 немесе 3% |
|
- ауыл шаруалығы |
5 немесе 2% |
|
- лауазымды тұлғаларға шағым |
3 немесе 1 % |
|
- өзге де мәселелер |
132 немесе 52 % |
Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыруға келсек, 2023 жылдың басынан 45 қабылдауда 63 адам қабылданды, соның ішінде аудан әкімімен - 38, аудан әкімінің орынбасарларымен - 29, аудан әкімі аппараты басшысымен 2.
Аудан әкімі аппаратының
басшысы М. Дүйсембаева