Аққайың ауданы әкімі
аппараты басшысының
2019 жылғы 5 ақпандағы
№ 10 бұйрығымен бекітілген
Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі туралы
ЕРЕЖЕ
1) құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) кадрлар жұмысы бойынша бас маман;
3) кадрлар жұмысы бойынша бас маман.
2 Құрылымдық бөлімшенің негізгі міндеттері, функциялары
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілердіңі персоналды басқару стратегиясын әзiрлеу және iске асыру;
2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері кадр, оның iшiнде мамандық және бiлiктiлiк бойынша қажеттiлiгiн талдау және жоспарлау;
3) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру;
4) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері кадр мониторингi және кадрлық iс жүргiзудi, оның iшiнде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесi арқылы жүргiзу;
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілерінің кәсiби бейiмделу мен тәлiмгерлiктi ұйымдастыру;
2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кәсiби дамуын, оның iшiнде қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру, тағылымдамалардан өтуiн ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік қызмет жөніндегі біріңғай конкурстық, аттестаттау, тәртiптiк және кадр мәселелерi жөнiндегi өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттiк қызметке кiру, өткеру және тоқтату рәсiмдерiн сақтауды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiне бағалау жүргiзудi ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
1) Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың еңбек заңнамасы мен мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимi мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгiзу.
Персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) олардың қызметiне тән емес қосымша мiндеттер мен функциялар жүктелмейдi.
1) аудандық ведомстволармен, әкім аппараты бөлімдерінен, атқарушы билік органдардан қажетті ақпаратты ауызша және жазбаша түрінде сұрастыруға және алу;
2) аудан әкімдігінің отырыстары және басқа атқарушы органдар отырыстарына қатысу;
3) құрылымдық бөлімше өз құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Үкімет және әкім шешімдері және басқа нормативті актілердін орындалуын бақылауды жасайды;
4) басшылықтың тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша шешімдердің жобаларын дайындайды;
5) Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Енбек кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,Президент Жарлықтары мен оны іске асыру мақсатымен қабылданған Үкімет қаулыларының орындалуы бойынша ішкі аудит жүргізу және өткізілген тексерістер нәтижелеріне іс-шаралар қабылдау мақсатымен Аппарат басшысына хабарлау;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтармен, сонымен бірге облыс және аудан әкімі Құрмет грамоталары, алғыс хаттармен мадақтауға ұсыныс беру мақсатымен құжаттарды дайындау жұмыс жөнінде ішкі аудит жүргізу;
7) Аудан әкімі аппаратының қызметкерлермен жергілікті атқарушы органдар басшыларды кадр іс-жүргізу саласындағы кемшіліктер үшін тәртіптік жазасына тартуға ұсыныс беру;
8) Құрылымдық бөлімшесінің мамандары анықталған тәртіп жөнінде Ережеде көрсетілген жұмыс жағдайы бойынша жауапты.
1) Заңмен және осы Ережемен жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттiк органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен сұратады және алады;
2) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен және оның аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасайды.