Аққайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі туралы ЕРЕЖЕ

Аққайың ауданы

әкімі аппараты басшысының

2019 жылғы 05 ақпан

№ 10  бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

Аққайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Аққайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) «Аққайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Өз қызметінде құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, аппарат ережесін және оның жұмыс регламентін, осы ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіткен аудан әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штаттық саны аудан әкімі аппаратының қаулысымен бекітіледі.
  5. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы:

1) құрылымдық бөлімшенің басшысы – аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;

2) бас маман-заңгер;

3) заң мәселелері жөніндегі маман (келісім-шарт бойынша). 

 

2 Құрылымдық бөлімшенің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

  1. Аудан әкімінің, аудан әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының, округ әкімдері аппараттарының және аудандық бөлімдері қызметінің заңдылық қамтамасыз етуін жүзеге асыру.

1) аудандық атқарушы органдардың, округ әкімдерінің аппараттары мен аудан әкімі аппаратының құқықтық жұмысына әдістемелік басшылықты ұйымдастырады, сондай-ақ бұл  жұмыстың жағдайын тексереді;

2) заң мәселелері бойынша аудандық атқарушы органдарға, округ әкімдерінің аппараттары мен аудан әкімі аппаратына құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығын түсіндіруді және насихаттауды, аудан әкімі аппаратының, бөлімдердің, округ әкімдері аппараттарының қызметкерлерін құқықтық оқуын ұйымдастырады;

4) аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жұмысын меңгеруді өткізіп, жұмысына талдау жүргізеді, олардың қызметтерін жақсарту бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;

5) азаматтық-құқықтық даулар бойынша мемлекеттің мүддесін ұсынады;

6) әкімдік пен аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының заңдылық қамтамасыз етуін ұйымдастырады;

7) құрылымдық бөлімше мен аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарына енгізуге жататын мәселелер шеңберін анықтайды, белгіленген іс-шаралардың уақытылы орындалуын бақылайды; 

8) қолданыстағы заңдылықты аудан деңгейінде қолдану тәжірибесін үйлестіру, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмысын ұйымдастырады;  

9) Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкімет және әкімдік қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің және өкімдерінің орындалуына бақылауды ұйымдастырады;

10) әкімдік және аудан әкімінің актілерін орындауға бақылау жүргізеді;  

11) шағымдар, өтініштер мен азаматтардың өтініштерін қарайды.

  1. Құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру:

1) құқыққорғау және аудандық атқарушы органдары, ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері басшыларының қатысуымен заңдылықты және құқық тәртібін нығайту мәселелері бойынша семинарларды, мәжілістерді, ғылыми-практикалық конференцияларды дайындауды жүзеге асырады;  

2) құқықтық мәселелер бойынша атқарушы органдар қызметкерлерімен құқықтық жалпы оқытуды өткізеді, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудандық бөлімдердің мамандарына практикалық және әдістемелік көмекті көрсетеді.

  1. Әкімдіктің және аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу және мониторинг жүргізу:

1) әкімдіктің және аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;

2) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдылықтың сәйкес болуына бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінің аппараттары ұсынатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларына заңдылық сараптаманы өткізеді;  

3) аудан әкімдігінің қаулылар, аудан әкімінің шешімдер мен өкімдер жобаларын, сондай-ақ басқа да ұсынылған құжаттарды  қолданыстағы заңдылыққа сәйкес болмаған жағдайда қайтарады; 

4) аудан әкімдігінің қаулылар, аудан әкімінің шешімдер мен өкімдер жобалары,  сондай-ақ басқа да құжаттар бойынша жазбаша ескертулер мен ұсыныстар береді;

5) әкімдік және аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілерін қолданыстағы заңдылық талаптарына сәйкес болуына тексеру бойынша жұмысын ұйымдастырады, нормашығармашылықты жетілдіру, аудан әкімінің, әкім орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты басшысының басқару қызметін заңдылық қамтамасыз ету;   

6) әкімдік пен аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілердің мониторингін жүргізеді;

7) нормашығармашылықты жетілдіру бойынша жұмысын ұйымдастырады;

8) әкімдіктің және аудан әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.

  1. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының талаптарын, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің және өкімдерінің, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтар жобасын дайындау, рәсімдеу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету:

1) аппарат қызметкерлерін, аудандық бөлімдерің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне әкімнің актілер жобаларын дайындау құқықтық мәселелері бойынша кеңес береді;

2) кіші заңнамалық нормативтік құқықтыұ актілердің жобаларын рәсімдеу және келісу мәселелерін түсіндіреді.

  1. Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын жүзеге асыру:

1) комиссиялардың отырысына материалдарды дайындайды;

2) аудандық комиссиялардың тапсырмаларын орындауға мониторинг жүргізеді;

3) құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша, құқық тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша бағдарламалардың әзірлеуіне қатысады;

4) тоқсан сайынғы комиссиялардың отырысын өткізудің жоспарлар жобаларын бір жылға әзірлейді;

 5) комиссиялардың шешімдер жобаларын әзірлейді және хаттамаларын рәсімдейді;

6) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша ведомствоаралық комиссиялардың хаттамалық ұсыныстарын орындау бойынша ақпарат дайындайды;

7) құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша, құқық тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша аумақтық бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысады.

  1. Құқыққорғау органдарының өзара әс-қимылын қамтамасыз ету:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің аудан аумағында қылмыспен күресу, құқық тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу  бойынша  шешімдері мен өкімдерінің орындалуына құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, сәйкесті шолулар мен ақпарат дайындайды;  

2) сәйкесті аумақтық бағдарламаларды орындау шеңберінде ауданның құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

3) аудан аумағында қылмыс жағдайы мен құқық тәртібін  қамтамасыз етуін талдайды, орнатылған өзгерістерді талдап, қылмыс өсуін анықтайды;

4) нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік, құқыққорғау және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) құқыққорғау органдарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап, заңдылық пен құқыққорғауды нығайтады;  

6) қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша атқарушы органдардың құқыққоғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, құқықтәртіпті және заңдылықты сақтайды. 

              12.Бас маман-заңгердің лауазымдық міндеттері:

12.1. Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің аудан аумағында қылмыспен күресу, құқық тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу  бойынша  шешімдері мен өкімдерінің орындалуына құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, сәйкесті шолулар мен ақпарат дайындайды;

12.2. Сәйкесті аумақтық бағдарламаларды орындау шеңберінде ауданның құқыққорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

 12.3.  Құқық бұзушылықтың алдын алуы, құқықтәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша аумақтық бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысады;

12.4. Әкімдіктің, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысы қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

12.5. Аудан әкімдігінің қаулылар, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуге қатысады;

12.6. құқыққорғау және аудандық атқарушы органдары, ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері басшыларының қатысуымен заңдылықты және құқық тәртібін нығайту мәселелері бойынша семинарларды, мәжілістерді, ғылыми-практикалық конференцияларды дайындауды жүзеге асырады;  

12.7. Жер және тұрғын үй комиссияларының мүшесі болып табылады;

12.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша ведомствоаралық комиссиялардың отырысына материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

12.9. Шағымдар, өтініштер мен азаматтардың өтініштерін қарайды;

12.10. Құрылымдық бөлімшенің іс-жүргізуін істер номенклатурасына келісті жүзеге асырады;

12.11. нормашығармашылықты жетілдіру бойынша мемлекеттік, құқыққорғау органдары мен қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

         12.12. Әкімдіктің және аудан әкімдігінің азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты және жалпы міндетті маңызы бар нормативтік құқықтық актілердің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырады;

12.13. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылауды жүзеге асырады;

12.14. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізеді;

12.15. Құжаттардың ИТ-технологиясы арқылы шығарылуын жүзеге асырып, құрылымдық бөлімшенің электрондық поштасын жүргізеді;

12.16. Ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына практикалық және әдістемелік көмекті жүзеге асырады;

12.17. Компьютерде жұмыс істеу біліктіліктерін еркін меңгеріп, қажетті білімдердің деңгейін арттыруға міндетті;

12.18. Қызметкерлердің өкілдерімен келісу бойынша жұмыс беруші бекіткен ішкі еңбек тәртібінің Қағидаларын сақтау;

12.19. Өз қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде киімнің ресми стилін сақтауға, сондай-ақ қызметтік этикетті, тәртіптің ресми ережесін сақтау;

12.20. Қызметтік міндеттерін орындауда алынатын мәліметтерді құпияда сақтау;

12.21. Аудан әкімі аппаратының басшылығы, құрылымдық бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды;

  1. Құрылымдық бөлімшенің құқықтары мен міндеттері:

1) Заң мәселелері бойынша әкімдіктің және аудан әкімінің тапсырмаларын құрылымдық бөлімшелер басшыларының, аппарат мамандарының орындауын бақылау;

2) Заң қызметіннің жұмысы үшін қажетті мәліметтерді құрылымдық бөлімшелерден сұрау;

3) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде әкімдік пен аудан әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қызметін жүзеге асыру;

4) аудандық бөлімдерде, ауылдық округ аппараттарында, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде құқықтық мінезді тексерісті және құқықтық жалпы оқытуды өткізіп, аталған тексерістің нәтижелерін аппарат басшысына шаралар қолдану үшін хабарлау;

5) ҚР қолданыстағы заңдылығының бұзылуымен дайындалған құжаттарын қайта әзірлеуге қайтару;

6) аудан әкімінің және аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қарастырылатын мәселелерді шешуге қатысуға атқарушы органдар қызметкерлерін тарту;

7) Іс-жүргізу облысында қатал бұзушылықтар үшін аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен атқарушы органдар басшыларын тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу;

8) құрылымдық бөлімшелердің мамандары осы Ережемен қарастырылған жүзеге асырылатын жұмыстарының  жағдайына белгіленген тәртіпте жауапкершілікті тартады; 

9) ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрауға және алуға;

10) еңбек және атқару тәртіптерін, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау.

 

  1. Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімше заңнамалық актілерге, Қазақстан республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі функциялары мен міндеттерін атқаруға қажетті құзыретке ие.
  2. Құрылымдық бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің және өз функцияларын атқаруға дербес жауапты.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы аудан әкімі аппаратының басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
  5. Құрылымдық бөлімшенің атынан басқа құрылымдық бөлімшеге жіберілген құзіретіне енетін мәселелер бойынша құжаттарға бөлім басшысы, ал басшы болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

Аққайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 января 2024