2019 жылғы 5 ақпан № 10
Аққайың ауданы әкімі
аппаратының басшысы
бұйрығымен бекітілген
Аққайың ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлімшесі туралы
ЕРЕЖЕ
1) құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) аудан әкімінің экономикалық мәселелер және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас инспектор;
3) аудан әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі бас инспекторы;
4) аудан әкімінің әлеуметтік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы.
1) аудан әкімінің халық алдындағы есепті кездесуіне материалдар дайындау;
2) ауылдық округтерде халық алдындағы аудан әкімінің есепті кездесулер хаттамаларын ресімдеу;
3) тұрғындар сауалдарына жауап жинау және оларды БАҚ-ға жібереді;
4) облыс әкiмiнiң аппаратына өткiзiлген есеп беру кездесулерi туралы есептерiн дайындайды.
1) аудан әкімінің жергілікті өкілетті және атқарушы билік, мемлекеттік басқару органдарымен ақпараттық байланысын ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету;
2) ауылдық округ әкімдері аппараттары және аудандық бөлімдермен қызметті жоспарлау, есеп ұсыну бойынша жұмыс;
3) мәжілістерді ұйымдастыру және өткізу, облыс әкімінің бейнеселекторлық мәжілістеріне, аудан әкімдігінің мәжілістеріне материалдарды жинақтау және даярлау.аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібін ауылдық округ әкімдеріне және ауданның басшыларына жеткізу;
4) ауылдық округ әкімдері аппараттарын және аудандық бөлімдерін тақырыптық тексеру нәтижесі бойынша анықтамалар, қызметтік жазбалар құрастыру;
5) аппарат жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етуде, әкімдік қаулылары, аудан әкімінің өкімдерін орындауда аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
6) аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы немесе құрылымдық бөлімшелер басшыларының келісімі бойынша құрылмдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді, материалдар мен құжаттарды даярлау үшін аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін жұмысқа тарту;
7) аудан аумағында болатын және болған қоғамдық және
әлеуметтік-экономикалық үдерістер мен бөлек маңызды жағдайлар жөнінде аудан әкімін шұғыл түрде ақпараттандыруын ұйымдастыру;
8) жастар бірлестіктерінің қызметі туралы есептік бяандамалар, мемлекеттік жастар саясаты саласында ақпараттық-талдау ұсыныстарын дайындау;
9) жастарды патриоттық және құқықтық тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
10) аудан әкімінің жастар өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
1) «веб-сайтты» әзiрлеу және жүргiзу (мемлекеттік орган туралы электрондық ақпараттық ресурс);
2) электрондық пошта арқылы жедел ақпаратты ұсыну;
3) ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына тәжірибе және әдістемелік көмек көрсету;
4) аудандық мемлекеттік органдары сайттарының жұмысы бойынша мониторингті өткізу;
5) Аққайың ауданы әкімінің ресми сайтын толтырылу өзектілігін қамтамасыз ету;
6) аудан әкімінің аппаратында дербес компьютерлерінің қолданушыларын қолдауды қамтамасыз ету;
7) аудан әкімі аппаратының есептеуіш желісінің жұмысын қамтамасыз ету.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және өкілеттілік биліктің саулауын, референдумдарын ұйымдастыруын қамтамасыз ету;
2) ауданның электрондық сайлаушылар базасын түзету бойынша жұмыс жүргізу;
3) тоқсан сайынғы есепке алу және сайлаушылардың қозғалысын қарауды жүргізу;
4) «Сайлау» бағдарламасы бойынша сайлаушылардың монитоингін жүргізу;
5) сайлау науқанын даярлау және өткізу бойынша ауылдық округ әкімдерінің жұмыстарын үйлестіру;
6) басшылық саласы шегінде мемлекеттік және басқа да мерекелердің іс-шаралар жоспары жобаларын әзірлеу және даярлау;
7) құзырет шегінде ауданның ай сайынғы және жылдық негізгі
іс-шараларын орындаудың мониторингі;
8) құзыреті шегінде аудандық ай сайынғы және жылдық негізгі
іс-шаралары мониторингін орындау.
1) мемлекеттік наградалармен, облыс, ауданның Құрмет грамотасымен марапаттау үшін материалдарды ұсыну бойынша жұмысы;
2) мемлекеттік, ведомстволық және басқа да наградалармен марапаттау бойынша мәліметтер базасын жүргізу;
1) аудан әкімінің орынбасарыбасшылық ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру;
2) экономика, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сондай-ақ әлеуметтік саласында мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың бақылауын жүзеге асыру;
3)ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын меңгеру және талдау, экономиканы, халықтың әртүрлі топтарының өмір деңгейін, қоғамдық-саяси жадайды реформалау;
1) аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған балалардың аумақтық базасын есепке алуды жүргізу;
3) Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастырудың консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру;
4) қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
5) әлеуметтік көмекке мұқтаж сотталған тұлғаларды, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтардың дербес есепке алуын жүргізу;
6) аудан халқының денсаулығын сақтау бойынша Үйлестіру Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
7) бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру және жалақыны уақытылы төлеу бойынша жұмыс мәжілісінің жұмысын ұйымдастыру;
8) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері жөніндегі аудан әкімінің орынбасары басшылық ететін комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
9) әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штабының жұмысын ұйымдастыру;
1) аудандық ведомстволармен, әкім аппараты бөлімдерінен, атқарушы билік органдардан қажетті ақпаратты ауызша және жазбаша түрінде сұрастыру және алу;
2) аудан әкімдігінің және басқа атқарушы органдар отырыстарына қатысу;
3) Құрылымдық бөлімше өз құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкәіметтің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің өкімдерін және тапсырмаларын және басқа да нормативтік актілердін орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) басшылықтың тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша шешімдер жобаларын дайындайды;
5) округтердің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді;
6) округтердiң әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайына талдау жүргiзу
7) ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлімшесінің жұмысына қажетті мәліметтерді құрылымдық бөлімшелерден сұрау;
8) ауылдық округ аппараттардың және аудандық бөлімдердің қызметтерін талдауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтарымен даярланған құжаттарды қайта ресімдеуге қайтару;
10) аудан әкімінің және аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қаралатын мәселелерді шешуге қатысу үшін атқарушы органдардың қызметкерлерін тарту;
11) аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін және атқарушы органдардың басшыларын іс жүргізу және мемлекеттік бағдарламалардың орындалмауы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту жайлы ұсыныс енгізу;
12) Құрылымдық бөлімшенің мамандары орнатылған тәртіпте осы Ережемен қарастырылған жұмысты жүзеге асырудың жағдайына жауапкершілікті тартады.