Аққайың ауданы әкімі аппаратының жалпы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                                                                                                                                                               

Аққайың ауданы

әкімі аппараты басшысының

2019 жылғы 05 ақпандағы

№ 10 бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

Аққайың ауданы әкімі аппаратының жалпы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жалпы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Бөлім) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Өз қызметінде бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, аппарат ережесін және оның жұмыс регламентін, осы ережені, құжат жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды басшылыққа алады.
  3. Бөлім өз қызметінде Бөлім туралы ережені бекіткен аудан әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.
  4. Бөлімнің құрылымы, штаттық саны аудан әкімі аппаратының қаулысымен бекітіледі.
  5. Бөлімнің құрылымы:

1) Бөлім басшысынан;

2) қызметтік хат-хабарларды өңдеу және бақылау жөніндегі бас маманнан;

3) азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша бас маманнан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

  1. Аудан әкімінің, әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету:

1) аппаратта әрекет ететін нұсқаулықтарға келісті құжаттармен жұмыс тәртібін анықтау;

2) құжаттарды бастапқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және таратуды жүзеге асыру;

3) аппарат бөлімдерінің тапсырысы бойынша материалдарды көбейту және хат-хабарларды жөнелтуді жүзеге асыру;

4) түскен құжаттардың сипатын, атқарушылық тәртіпті, аппараттағы құжаттармен жұмыс жағдайын талдау және басшылықты дер уақытында хабардар ету;

  1. Іс жүргізуді жетілдіруді қамтамасыз ету:

1) құжат айналымын оңтайландыру бойынша аппарат басшылығына ұсыныс енгізу;

2) іс жүргізу мәселелері бойынша аппарат қызметкерлеріне нұсқаулықберу, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудандық бөлімдердің мамандарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Істер номенклатурасын құру және жетілдіру:

1) құрылымдық бөлімшелер индекстерін және аппарат істерінің жиынтық номенклатурасын құру;

2) аппарат бөлімдерінің аппаратта әрекет ететін нұсқаулықтарға сәйкес номенклатуралық істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыруын ұйымдастыру;

3) бекітіліген тәртіпте мұрағатқа тапсырылғанға дейін істердің шұғыл сақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету;

4) аппарат құжаттарының құндылығын сараптау комиссиясының жұмысын және оларды аудандық мұрағатқа тапсыруды ұйымдастыру.

  1. Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі аппараты басшысы бұйрықтарының жобаларын әзірлеу, рәсімдеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету:

1) аудан әкімі мен әкімдік актілерін әзірлеу мәселелері бойынша аппарат, аудандық бөлімдер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мамандарына кеңес беру;

2) аудан әкімдігі қаулыларын, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерін шығару, есепке алу, тіркеу және сақтауды ұйымдастыру және орындаушыларға шұғыл жеткізу;

  1. Аппаратта құпия тәртіп бойынша жұмысты ұйымдастыру:

1) аппаратта құпия тәртіп бойынша жұмысты жүргізу;

2) құпия құжаттарға қызметкерлерге рұқсатқа материалдарды ресімдеу;

  1. Аудан әкімі жанындағы аппараттық және жұмыс мәжілістерін ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету:    

1) аппараттық және жұмыс мәжілістерінің күн тәртібін құру және күн тәртібіне келісті аудан әкіміне материалдардың ұсынылуын қамтамасыз ету;

2) аппарат басшысының келісімен мәжіліске шақырылатын аудандық басқару органдары басшыларының тізімін анықтау және мәжіліске шақырылғандардың назарына жеткізуді қамтамасыз ету;

3) аппараттық мәжіліс хаттамасының ресімделуін қамтамасыз ету және мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау.

  1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

2) аудан әкімімен, оның орынбасарларымен және аппарат басшысымен жеке тұлғаларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) уәкілетті органға статистикалық есепті ұсыну;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері бойынша аппараттағы атқарушылық тәртіпті талдау және аппарат басшылығын дер уақытында хабардар ету;

  1. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігі бойынша талаптарын орындауды қамтамасыз ету:

1) мемлекеттік тілде іс жүргізу, қажет болған жағдайда әкіммен өткізілетін шаралардың синхронды аударылуын қамтамасыз ету;

2)  аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша нұсқаулық береді;

3) жергілікті атқарушы органдармен әзірленген аудан әкімдігі және әкімі актілерінің мемлекеттік тілдегі жобаларын тексеру;

4) азаматтарды жеке қабылдауды аудармашы ретінде қатысу (қажет болған жағдайда);

  1. Аппараттың елтаңбалық мөрлеріне, Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар бланкілерге тапсырыс беру, есепке алу, сақтау және оларды пайдалануды қамтамасыз ету:

1) Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар блакілердің нысанын жасау;

2) елтаңбалық бланкілерге уақытында тапсырыс беру, сақтау және есепке алуды қамтамасыз ету;

3) елтаңбалық мөрлердің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету.

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) аппарат құрылымдық бөлімшелері басшыларымен, мамандарымен құжаттармен жұмыстың бекітілген ережесін сақтауын бақылау;

2) құрылымдық бөлімшелерден құжаттамалық қызметтің жұмыс істеуіне қажетті мәліметтерді сұрату;

3) құжат айналымын қысқарту бойынша ұсыныс енгізу;

4) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді ұйымдастыру және құжаттарды басқару бойынша тексерістер жүргізу және аталған тексерістердің нәтижелерін шара қолдану үшін аппарат басшысына хабарлау;

5) аппараттың жұмыс регламентінің және іс жүргізу бойынша нұсқаулықты бұза отырып жасалған құжаттарды қайта пысықтауға қайтару;

6) атқарушы органдар қызметкерлерін аудан әкімі және аудан әкімі аппараты басшысы  берген тапсырмалары бойынша қарастырылатын мәселелерді шешуге қатыстыру;

7) іс жүргізу саласында жіберілген қатаң бұзушылықтар үшін аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін және жергілікті атқарушы органдар басшыларын тәртіптік жазаға тарту бойынша ұсыныстар енгізу;

8) бөлімнің мамандары осы Ережемен қарастырылған жұмыстарды атқару жағдайына белгіленген тәртіпте дербес жауапты болады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі функциялары мен міндеттерін атқаруға қажетті құзыретке ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің және өз функцияларын атқаруға дербес жауапты.
  4. Бөлімнің басшысы аудан әкімі аппаратының басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
  5. Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшеге жіберілген құзіретіне енетін мәселелер бойынша құжаттарға бөлім басшысы, ал басшы болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

Аққайың ауданы әкімі аппаратының жалпы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 января 2024