«Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2023 жылғы «19» сәуірдегі № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі қаулысының жобасы бойынша пресс-релиз
Аққайың ауданы әкімідігі қаулысының жобасы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізудің қағидалары мен мерзімі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33 бабына сәйкес әзірленген.
Әкімдіктің қаулысының жобасы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға бағытталған.
Қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты – Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау.
Аққайың ауданы
әкімі аппаратының басшысы М. Дүйсембаева