ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 26 қарашада Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституция Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына, сәйкес, Аққайың ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Аққайың ауылдық округінің әкімін сайлау
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 485 азамат енгізілді, оның 369 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсы» деген белгімен - 10. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дүйсембаев Қ.Б. –289; Каминева Ә.Т. – 60.
Ивановка ауылдық округінің әкімі болып Дүйсембаев Қанат Болатұлы сайланды, 1984 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Смирново ауылында тұрады, «Aқ Жол» ҚДП ұсынған.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы