«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешімі жобасына
пресс-релиз
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешімі жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес әзірленді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-10-тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту жатады.
«Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығының 5 – тармағына сәйкес орналасқан жерлердегі туристік жарнаға айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі-АЕК) 0,2-ден 0,5-ке дейінгі мөлшерінде тіркелген ставкалар қолданылады.
«Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығының 8-тармағына, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ 27.07.2023 ж. №26.09-09/1341 хатына сәйкес Аққайың ауданы аумағындағы шетелдіктер үшін ұсынылатын туристік жарна мөлшерлемесі Солтүстік Қазақстан облысының ауданы айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) құрады.
Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар: Осы жобаны қабылдау шетелдіктердің туристік жарна төлеуі есебінен бюджетті толықтыруға әкеп соғады.
Жобаны іске асыруға байланысты болжамды қаржылық шығындар: Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар көзделмеген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын іске асыруына бағытталған мәслихат шешімінің жобасы.
Шешімнің жобасын әзірлеу мақсаты - қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14677955
«СҚО Аққайың ауданы
әкімдігінің
кәсіпкерлік бөлімі» КММ
басшысы Ә.Кермұқанов