Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ
Аудан әкімі аппаратының 2023 жылғы «31» наурыз
кіші мәжіліс залы сағ. 10-00
Төрағалық еткен: Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, комиссия төрағасы – Рүстем Мұқашұлы Елубаев
Қатысқандар: Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері және шақырылғандар, аумақтық мекеменің және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері және жергілікті аудандық газеттің өкілі.
КҮН ТӘРТІБІ:
1."Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы"("Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараты);
Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы Е.Х Дәнебаевтін, Аққайың ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ж.Кермукановтың, Лесной ауылдық округі, Ивановка ауылдық округі және Астраханка ауылдық округінің әкімдерінің ақпараттарын тындап комиссия ШЕШТІ:
Ұсынылсын:
1.1. Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы Е.Х Дәнебаевқа,
- 2023 жылдың 21 шілдесіне дейін бөліммен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын-алу бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті газетте жариялау;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған ұйымдастыру – түсіндірмелік және насихаттау жұмыстарын мәдениет қызметкерлері арасында жүргізу.
2.Ұсынылсын:
2.1. Аққайың ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ж.Кермукановқа
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты негізінде мониторинг жүргізілсін;
- кәсіпкерлердін бағаны ұстау жөніндегі меморандумдарды сақтауын тұрақты бақылауда ұстау
3.Ұсынылсын:
Ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
- азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырсын және апта сайын азаматтарды жеке қабылауын өткізу;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты аудандық «Колос» және «Аққайың» газеттерінде ресми интернет-ресурстарда, қолжетімді орындарда орналастыру;
- азаматтардың өтініштері мен сұраулаын қарастырған жағдайда кешіктірушілік және немқұрайлыққа жол бермеу;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барысында артық құжаттарды талап етуге, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзбауға жол берілмеу;
- ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметер бойынша халыққа түсіндірмелі жұмыстары жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттарды өзектендіруге мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарды сәйкестікке келтірсін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған өзекті ақпараттың уақытылы қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу қорытындысы сайтта (тұрақты) жариялау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын алдын алу мәселелерін үкіметтік емес ұйымдар және қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша белсендету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған атқарылған жұмыстар туралы интернет-ресурста, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты тоқсан сайын ақпараттандыру;
- барлық мемлекеттік органдарда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін пандустарды бекітілген стандартпен сәйкестікке келтіру;
- мемлекеттік органдардың басшылары және лауазымды тұлғалар қызметтік уақыттан тыс жеке мақсатта қызметтік автокөліктермен қолдануға тыйым салу;
- ұйымдар және ауылдық округтердемамандардың ауысымдылығына жол бермеу;
- аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық ұсынымдарын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
3.2. Мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын (аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық құрылымдық бөлімшесіне) жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы бір айлық мерзімде ақпараттандыру.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық ұсынымдарын көрсетілген мерзімде таратуды қамтамасыз ету;
- тұрақты негізде Ведомствоаралық комиссияның ұсынысын орындау мониторингін жүргізу.
|
Аққайың ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойыншаВедомствоаралық комиссияның төрағасы
|
|
Р. Елубаев |
|
Мемлекеттік құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы, комиссия хатшысы
|
|
Ж. Жүсіпов |