Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ
Аудан әкімі аппаратының 2023 жылғы «31» наурыз
кіші мәжіліс залы сағ. 10-00
Төрағалық еткен: Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, комиссия төрағасы – Рүстем Мұқашұлы Елубаев
Қатысқандар: Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері және шақырылғандар, аумақтық мекеменің және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері және жергілікті аудандық газеттің өкілі.
КҮН ТӘРТІБІ:
1."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы. ("Солтүстік Қазақтсан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараты;
2."Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын не пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. ("Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараты
3."Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы" (Смирново, Полтавка, Черкасский ауылдық округтері әкімдерінің ақпараты);
Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдиниет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. А.Қ. Оразмбетованың, Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Ғ.Сопаяқовтың, Смирново ауылдық округі әкімі А.А. Жүнісбаеваның, Полтавка ауылдық округінің әкімі О.Н. Семенюктың, Черкасское ауылдық округінің әкімі Н.С. Маринованың ақпараттарын тындап комиссия ШЕШТІ:
2.1. Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдиниет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. А.Қ. Оразмбетоваға, Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Ғ.Сопаяқовқа
- ү.ж. 23 мамыр мерзіміне дейін бөліммен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын-алу бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті газетте жариялау;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған ұйымдастыру – түсіндірмелік және насихаттау жұмыстарын мәдениет қызметкерлері арасында жүргізу.
2.2. Ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс талаптарын сақтасын;
- азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырсын және апта сайын азаматтарды жеке қабылауын өткізу;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты аудандық «Колос» және «Аққайың» газеттерінде ресми интернет-ресурстарда, қолжетімді орындарда орналастыру;
- азаматтардың өтініштері мен сұраулаын қарастырған жағдайда кешіктірушілік және немқұрайлыққа жол бермеу;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барысында артық құжаттарды талап етуге, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзбауға жол берілмеу;
- ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметер бойынша халыққа түсіндірмелі жұмыстары жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттарды өзектендіруге мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарды сәйкестікке келтірсін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған өзекті ақпараттың уақытылы қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу қорытындысы сайтта (тұрақты) жариялау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын алдын алу мәселелерін үкіметтік емес ұйымдар және қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша белсендету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған атқарылған жұмыстар туралы интернет-ресурста, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты тоқсан сайын ақпараттандыру;
- барлық мемлекеттік органдарда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін пандустарды бекітілген стандартпен сәйкестікке келтіру;
- мемлекеттік органдардың басшылары және лауазымды тұлғалар қызметтік уақыттан тыс жеке мақсатта қызметтік автокөліктермен қолдануға тыйым салу;
- ұйымдар және ауылдық округтердемамандардың ауысымдылығына жол бермеу;
- аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық ұсынымдарын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
2.3. Мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын (аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық құрылымдық бөлімшесіне) жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы бір айлық мерзімде ақпараттандыру.
3.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық құрылымдық бөлімшесі:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық ұсынымдарын көрсетілген мерзімде таратуды қамтамасыз ету;
- тұрақты негізде Ведомствоаралық комиссияның ұсынысын орындау мониторингін жүргізу.
|
Аққайың ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойыншаВедомствоаралық комиссияның төрағасы
|
|
Р. Елубаев |
|
Мемлекеттік құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы, комиссия хатшысы
|
|
Ж. Жүсіпов |