Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

 

Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №142 шешімі

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 шілдедегі №7559-15 болып тіркелді

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында

сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

ШЕШТІМ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерi құрылсын.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 21 шілдедегі № 9;

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 11.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аққайың ауданының

               әкімі

 

 

Р. Елубаев

 

 

"Келісілді"

Аққайың аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
19 июля 2023