2023 жылғы  27 тамызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

                                                                                                               Аққайың аудандық

                                                                                                              сайлау комиссиясының

                                                                                                              2023 жылғы 19 шілдедегі

               № 25/02 қаулысына қосымша

 

 

 

2023 жылғы  27 тамызға тағайындалған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

 

1.   Аралағаш ауылдық округі әкімін  сайлауды тағайындау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 19 шілде

 (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 шілдеден  кешіктірмей

 (22-б.)

3. Аққайың аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 шілдеден  кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы 

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 3 тамыздан  кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Аққайың ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2023 жылғы 3 тамыздан  кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 20 шілдеде басталады және 2023 жылғы   01 тамызда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

 (113-3-б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы 

( 113-2-б.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы 

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары  Аққайың аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылғы 1 шілдесіне)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 20 шілдеде   басталады және 2023 жылғы      06 тамызда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Аққайың ауданының әкімі және Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 06 тамызда  жергілікті уақытпен сағат он сегізден кейін  басталады және 2023 жылғы                            26 тамызда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың ауданының әкімі және Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аққайың ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 06 тамызда  

 (24-б. 5-т.)

 

 20. Сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;

                    Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Учаскелік сайлау комиссиялары                  

                                                                   (11-1) т. 14-б.; 9-1) т. 17-б.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

 2023 жылғы 11 тамызда

 (26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 тамыздан  кешіктірмей

(18-б. 5) т.т, 38-б. 2-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2023 жылғы 24 тамыздан бұрын емес және 2023 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2023 жылғы 27 тамызда   жергілікті уақытпен сағат 06.00-да

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақытпен сағат 07.00-ден  20.00-ға дейін

2023 жылғы 27 тамызда  жергілікті уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ға  дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2023 жылғы 27 тамызда   жергілікті уақытпен сағат 20.00-да басталады

 (18-б. 8) т.т, 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Аққайың аудандық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 30 тамыздан  кешіктірмей

 (113-10-б.)

30. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2023 жылғы 30 тамыздан  кешіктірмей

                                                                                 (44-б.)

 

31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2023 жылғы 02 қыркүйектен  кешіктірмей

 (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2023 жылғы  27 тамызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
19 июля 2023