Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
сайланған ауылдық округ әкімдерін тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2023 жылғы 25 мамырда Аққайың аудандық сайлау комиссиясы шешімімен 2023 жылғы 21 мамырда сайланған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді:
Власовка ауылдық округі:
Сериков Максим Юрьевич, 1983 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі;
Ивановка ауылдық округі:
Челак Лидия Евгеньевна, 1989 жылы туған, «Ивановка орта мектебі» КММ биология және химия пәнінің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі;
Черкасское ауылдық округі:
Макина Ләзат Темірханқызы, 1969 жылы туған, «Черкаское Агро» ЖШС директордың орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы