Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу жөніндегі Аққайың аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес 2023 жылғы 28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды аудандық сайлау комиссиясы тіркелгенін хабарлайды:
Власовка ауылдық округі
Жібек Ысмағулқызы Байзулда, 1964 жылы туған, «Қиялы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, іс жүргізу жөніндегі бас маман, Қиялы а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Зарина Серікқызы Бердалина, 1989 жылы туған, «Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Астраханка а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Ивановка ауылдық округі
Елена Адамовна Зуевич, 1982 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ аудан әкімінің бас инспекторы, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Нұрбек Жәлелұлы Елікбай, 1991 жылы туған, «Шин- Line» компаниясы ЖШС менеджері, Петропавл қ., «Қазақстан Халық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің ұсынылған;
Черкасское ауылдық округі
Азат Балғабекұлы Мұхамедин, 1969 жылы туған, «Қалалық балалар мен жасөспірімдер мектептен тыс жұмыс орталығы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ педагог-ұйымдастырушысы, Петропавл қ., «Қазақстан Халық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің ұсынылған;
Жанат Құрманғалиұлы Жүсіпов, 1977 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Аудандық сайлау комиссиясы