Аққайың аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 12 сәуірде аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Власовка, Ивановка, Черкасское ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу күні туралы.
- 2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Власовка, Ивановка, Черкасское ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары туралы.
- 2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Власовка, Ивановка, Черкасское ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары туралы.
- 2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Власовка, Ивановка, Черкасское ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі демалыс және мереке күндеріндегі аудандық және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы туралы.
- Сайлау құжаттарының нысандары туралы.
Басқа да мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.