Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық  округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫ

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық

 округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Аққайың аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 21 мамырға Аққайың ауданында сайлау тағайындалсын:

- Власовка ауылдық округінің әкімі;

- Ивановка ауылдық округінің әкімі;

- Черкасское ауылдық округінің әкімі;

  1. 2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Аққайың ауданының Власовка, Ивановка, Черкасское ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Аққайың аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Аққайың", "Колос" газеттерінде жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                            Қ. Құрманбаев

 

 

 

 

Смирново ауылы 

2023 жылғы 12 сәуір, № 17/01

                  

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық  округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
14 апреля 2023