Аққайың ауданы әкімінің аппаратында 2023 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

Аққайың ауданы әкімінің аппаратында 2023 жылдың

І тоқсан қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

 

Аққайың ауданы әкімінің аппаратына (бұдан әрі - Аппарат) 2023 жылдың                  І тоқсан үшін 72 өтініш түсті және қаралды, соның ішінде:

- жеке тұлғалардан - 51;

- заңды тұлғалардан - 21;

- соның ішінде жеке қабылдау - 14.

72 өтініштің барлығы белгіленген мерзімде қаралды, соның ішінде 58 өтініш аппаратта қаралды, 14 өтініш жүгінушілерге ескерте отырып, құзыреттілігі бойынша қарастыру үшін басқа субъектілерге жолданды. Қаралған өтініштер бойынша төмендегідей шешім  қабылданды:

  • қанағаттандырылды - 56;
  • түсіндірілді - 0;
  • қарау тоқтатылды – 2;
  • есептен шығарылды – 0.

Барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шағымдану құқығы түсіндіріле отырып белгіленген тәртіпте жауаптар берілді.

 

Өтініштерді сипатына қарай талдау төмендегі мәселелер бойынша барынша көп өтініш түскенін көрсетті:

Өтініш мәселесі

2023

- ТҮКШ 

7 немесе 9 %

- жер және жер пайдалану

11 немесе 15%

- еңбек және халықты жұмыспен қамту,                                                                                 әлеуметтік және зейнетақылық қамту

4 немесе 2,6%

- ауыл шаруалық

2 немесе 2,7%

- құрылыс

1 немесе 1,3%

- өзге де мәселелер

47 немесе 65 %

 

Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыруға келсек, 2023 жылдың басынан    14 адам қабылданды, соның ішінде аудан әкімімен - 6, аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасарымен - 1, аудан әкімінің әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасарымен - 3, аудан әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарымен - 1, аудан әкімі аппараты басшысымен - 3.

Дата публикации
08 апреля 2023