«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Аққайың аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайыңа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 желтоқсаңдағы № 315 каулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мерзімдерде ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарына хабарласын және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Елубаев