«2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24-1 шешімін жүзеге асыру туралы

 

«2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24-1 шешімін жүзеге асыру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексі 79-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабы 1-тармағының         1-3) тармақшасына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 540, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» № 403 бұйрықтарына және «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғыт                   23 желтоқсандағы № 24-1 шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданы бюджетінің орындалуы 1, 2 және 3 қосымшаларға келісті қабылдансын, соның ішінде 2023 жылға мына көлемде:

        1) кірістер  

                 -3314996 мың теңге:

салықтық түсімдер    

-1083208 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 

-24639 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

- 25390 мың теңге;

трансферттердің түсімі     

- 2181759 мың теңге;

        2) шығындар

- 3314996 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу

- 26714 мың теңге;

бюджеттік кредиттеу 

- 56925 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 

- 30211 мың теңге;

         4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо 

 

- 0 мың теңге;

қаржылық активтерді сатып алу

       -  0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер

-         0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) 

-         - 26714 мың теңге;

       5-1)  бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);

     

 -  0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

- 26714 мың теңге;

қарыздар түсімі

-  56925 мың теңге;

қарыздарды өтеу

- 30211мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.

                            - 0 мың теңге.

  1. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін сомасы    1 425 691 мың теңге бюджеттік субвенция белгіленсін.
  2. 2023 жылға арналған аудан бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің түсімдері ескерілсін.
  3. 5-қосымшаға сәйкес бюджеттің төртінші деңгейіне 531 688 мың теңге сомасында субвенциялар белгіленсін.
  4. Бюджеттің төртінші деңгейіне аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер   87 243 мың теңге сомасында  6-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  5. 2023 жылға арналған аудан жергілікті атқарушы органның резерві 22665 мың теңге сомасында бекітілсін.
  6. Аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

1) 2023 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспар жобалары, оларға жоспардың айларға бөлінуі негізделген есептерді бюджеттік заңнамамен белгіленген мерзімде экономика және қаржы бөліміне ұсынсын;

2) бюджеттік бағдарламалардың бекітілуін қамтамасыз етсін;

3) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелермен заңнамамен белгіленген мерзімде аумақтық қазынашылық органдарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының ұсынылуын қамтамасыз етсін;

4) бұрын аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген, бірақ                2022 жылы аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттарды міндетті қайта тіркеумен жылдық тағайындаулар шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық шарттарын белгіленген тәртіпте тіркеуді қамтамасыз етсін;

5) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының      2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V Заңы 5-бабы 2-тармағына сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарларының бекітілуін және олардың уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін;

6) мемлекеттік сатып алу бойынша объектілерді күрделі жөндеу, реконструкциялау, салу және тауар, жұмыстар және қызметтер сатып алу  жөнінде ашық конкурстар өткізілуін және шұғыл ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін;

7) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық  елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет  саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын  мамандардың  мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға  жлғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын;

8) бюджеттік сала қызметкерлеріне толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етсін;

9) қаржылық жыл ішінде нысаналы трансферттер сомасының толық және нысаналы игерілуін қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Е.И. Остертакқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Аққайың ауданының әкімі                                     Р. Елубаев

«2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24-1 шешімін жүзеге асыру туралы
Дата публикации
10 февраля 2023