«2022-2024 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы                                24 желтоқсандағы № 8-1 шешімін жүзеге асыру туралы

 

«2022-2024 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы                                24 желтоқсандағы № 8-1 шешімін жүзеге асыру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексі 79-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабы 1-тармағының         1-3) тармақшасына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 540, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» № 403 бұйрықтарына және «2022-2024 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғыт 24 желтоқсандағы № 8-1 шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Аққайың ауданы бюджетінің орындалуы 1, 2 және 3 қосымшаларға келісті қабылдансын, соның ішінде 2022 жылға мына көлемде:

        1) кірістер  

                 -5111321 мың теңге:

салықтық түсімдер    

-674775 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 

-21054 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

- 12500 мың теңге;

трансферттердің түсімі     

- 4402992 мың теңге;

        2) шығындар

- 5111321 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу

- 57717 мың теңге;

бюджеттік кредиттеу 

- 82701 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 

- 24984 мың теңге;

         4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо 

 

- 0 мың теңге;

қаржылық активтерді сатып алу

       -  0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер

-         0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) 

-         - 57717 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

- 57717 мың теңге;

қарыздар түсімі

-  82701 мың теңге;

қарыздарды өтеу

- 24984 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.

                            - 0 мың теңге.

  1. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін сомасы    2 963 473 мың теңге бюджеттік субвенция белгіленсін.
  2. 2022 жылға арналған аудан бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің түсімдері ескерілсін.
  3. 5-қосымшаға сәйкес бюджеттің төртінші деңгейіне 376 536 мың теңге сомасында субвенциялар белгіленсін.
  4. Бюджеттің төртінші деңгейіне аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер   88 148 мың теңге сомасында  6-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  5. 2022 жылға арналған аудан жергілікті атқарушы органның резерві 14167 мың теңге сомасында бекітілсін.
  6. Аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

1) 2022 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспар жобалары, оларға жоспардың айларға бөлінуі негізделген есептерді бюджеттік заңнамамен белгіленген мерзімде экономика және қаржы бөліміне ұсынсын;

2) бюджеттік бағдарламалардың бекітілуін қамтамасыз етсін;

3) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелермен заңнамамен белгіленген мерзімде аумақтық қазынашылық органдарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының ұсынылуын қамтамасыз етсін;

4) бұрын аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген, бірақ                2021 жылы аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттарды міндетті қайта тіркеумен жылдық тағайындаулар шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық шарттарын белгіленген тәртіпте тіркеуді қамтамасыз етсін;

5) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының      2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V Заңы 5-бабы 2-тармағына сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарларының бекітілуін және олардың уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін;

6) мемлекеттік сатып алу бойынша объектілерді күрделі жөндеу, реконструкциялау, салу және тауар, жұмыстар және қызметтер сатып алу  жөнінде ашық конкурстар өткізілуін және шұғыл ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін;

7) ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт салаларындағы  азаматтық қызметшілерге қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақысы және ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақысы мен тарифтік ставкаларының кемінде жиырма бес пайызға көтерілуін белгілесін;

8) бюджеттік сала қызметкерлеріне толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етсін;

9) қаржылық жыл ішінде нысаналы трансферттер сомасының толық және нысаналы игерілуін қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Е.И. Остертакқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Аққайың ауданының әкімі                                     Р. Елубаев

«2022-2024 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту  туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы                                24 желтоқсандағы № 8-1 шешімін жүзеге асыру туралы
Дата публикации
10 февраля 2023