Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілде № 211 қаулысын, Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2016 жылғы 25 тамыздағы № 3879 тiркелдi
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 18 бабының 2) тармақшасына, «Құқықтық әктілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындау туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 мамырда №3755 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда №23 аудандық «Колос» газетіне, 2016 жылғы 26 мамырда №23 аудандық «Аққайың» газетіне жарияланды ) күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Аққайың аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Байтөлешов