Аққайың ауданы әкімінің аппаратында 2022 жыл
қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
Аққайың ауданы әкімінің аппаратына (бұдан әрі - Аппарат) 2022 жыл үшін 282 өтініш түсті және қаралды, соның ішінде:
- жеке тұлғалардан - 227;
- заңды тұлғалардан - 55;
- соның ішінде жеке қабылдау - 73.
282 өтініштің барлығы белгіленген мерзімде қаралды, соның ішінде 245 өтініш аппаратта қаралды, 37 өтініш жүгінушілерге ескерте отырып, құзыреттілігі бойынша қарастыру үшін басқа субъектілерге жолданды. Қаралған өтініштер бойынша төмендегідей шешім қабылданды:
Барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шағымдану құқығы түсіндіріле отырып белгіленген тәртіпте жауаптар берілді.
Өтініштерді сипатына қарай талдау төмендегі мәселелер бойынша барынша көп өтініш түскенін көрсетті:
|
Өтініш мәселесі |
2022 |
|
- ТҮКШ |
56 немесе 20 % |
|
- жер және жер пайдалану |
39 немесе 14% |
|
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақылық қамту |
19 немесе 6,7% |
|
- ауыл шаруалығы |
11 немесе 4% |
|
- құрылыс |
4 немесе 1% |
|
- лауазымды тұлғаларға шағым |
2 немесе 0,7% |
|
- білім |
2 немесе 0,7% |
|
- өзге де мәселелер |
149 немесе 52,8 % |
Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыруға келсек, 2022 жылдың басынан 73 қабылдауда 113 адам қабылданды, соның ішінде аудан әкімімен - 97, аудан әкімінің орынбасарларымен - 10, аудан әкімі аппараты басшысымен 6.