«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбыйлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасаудың типтік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні болып Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасаудың типтік ережесінің 8 тармағында көрсетілген бағыттар белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі осы бұйрыққа қол қойылған кезден бастап үш жұмыс күннен артық емес болып анықталсын.
- Талдау кезеңі 2022 жылғы 3 қаңтардан 2022 жылғы 01 желтоқсанға дейін.
- Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының қарауына келісілген аналитикалық анықтаманы ұсынсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшеге жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққайың ауданы әкімі
аппаратының басшысы М. Дүйсембаева