Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14723 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі осы қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 26 желтоқсан
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
2016 жылғы 22 желтоқсандағы |
|
|
№ 342 бұйрығымен |
Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері,
ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағида мен шарттардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;
2) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер.
2-тарау. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актiлерiненүзiндi көшірмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшірмелер;
5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәлiметтер тiзбесi);
6) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi-көшiрмелер;
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
8) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, міндетті әскери қызмет атқаруы, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы Кеңес Социалистік Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитеті және Кеңес Социалистік Республикасы, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитеті ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттік Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұлттық гвардиясындағы мерзімдері, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы кіреді;
2) оқу демалысы, жалақы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстар;
3) жұмыстан қол үзіп оқитын кадрларды қайта даярлау және біліктілікті көтеретін кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындарында, білім беру ұйымдарында оқыту;
4) Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде қатысқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты, мәслихат депутаты ретінде лауазымында өкілеттігін тұрақты негізде жүзеге асырғанда;
5) жұмыс берушінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде, егер екі ай ішінде шет елден қайтып келгеннен кейін жолға кеткен уақытын есептемегенде, бұрынғы жұмыс орнына оралса;
6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;
7) білім беру және (немесе) ғылым ұйымдарында келесі: мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану; тілдерді дамыту; архив ісі және құжаттама; дене шынықтыру және спорт салаларының бірі (мемлекеттік ұйым қызметіне байланысты) бойынша ғылыми, педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша еңбек міндеттерін орындау;
8) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты;
9) ұқсас мамандықтар бойынша еңбек міндеттемелерін атқарған және заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан өткен еңбек қызметі;
10) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болуы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің және Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылған кейбір
бұйрықтарының тізбесі