«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕCІ

Аққайың ауданы әкімдігінің

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕCІ

 

 

 

 

 

 

 

Смирново а., 2016 ж.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бюджеттік жоспарлау, бюджетті орындау, коммуналдық меншікті басқару, ауылдық аймақтарды дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық кәсіпорындары жоқ.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне және де осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнесі бар мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ оған жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өзінің есеп шоты және  қазынашылықта басқа есеп шоттары бар.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Мемлекеттік мекемесімен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған тәртіпте тіркеуге жатады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Аққайың ауданы әкімдігімен бекітіледі. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жою немесе қайта құру туралы шешімді Аққайың ауданының әкімдігі қабылдайды.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67, индекс 150300.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел экономики и финансов акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области».

11 Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілермен шарт жасау қатынасына тиым салынады.  Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне беріледі.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты және мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мақсаты және мәні - бюджетті айқын және уақытында орындауды қамтамасыз ету, үздіксіз және есеп беру принцип бойынша ен анық қаржылық есеп құру; аудан экономикасын тұрақты бәсекеліктінің қабылетіне экономикалық өсу және жетілдіруіне жәрдемдесу мақсатында аудан коммуналдық меншігінде тиімді басқаруы; әлеуметтік-экономикалық саясатын және мемлекеттік жоспарлау желісін іске асыру.
  2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңына, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциларына сай басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес міндеттер:

1) тиiстi қаржы жылына арналған аудан бюджетін нақтылау, жоспарланған кезеңге аудан бюджеті жобасын әзірлеу;

2) бюджеттік мониторингін жүргізу (бюджетті орындау көрсеткішінің үнемі жүйелі бақылау және талдау);

3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

4) ауданның  коммуналдық меншігін басқаруға қатысу;

5) аумақты, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламалары, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, аталған бағдарламалар мониторингін ұйымдастыру және өткізу.

6) ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша бюджеттік бағдарлама өңірлерінде іске асыруды үйлестіру

  1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»                Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңына, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес функциялар.

1) үш жылдық мерзімге аудан бюджеті кіріс және шығыс бөлігінің болжау көрсеткіштерін жоспарлау;

2) аудан бюджеті туралы, аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу;

3) коммуналдық меншікті басқару бойынша, ауданның бюджетін бекіту және анықтау бойынша мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулылары жобаларын әзірлеу;

4) әкімдікке, мәслихаттың тексеріс комиссиясына, мемлекеттік қаржыландыру бақылау органдарына есептік қаржыландыру жылына аудан бюджетін орындау туралы жылдық есебін құрастыру және ұсыну;

5) аудан бюджеті бойынша міндеттемелер жөнінде қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер жөнінде түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарын  құрастыру, бекіту және енгізу;

6) жылдық сомаларды енгізіп, төлемдер жөнінде түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөнінде қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

7) аудан бюджетін орындау бойынша есептер құру;

8) аудан бюджеті  бойынша қайырымдылық және демеушілік көмектен ақшалай түсім мен шығындар туралы, тауар (жұмыс, қызмет) іске асырудан қаражаттың шығындары және түсімдерінен жоспарларын орындау бойынша есептер құрастыру;

9) аудан бюджетінің несие және дебиторлық қарыздары туралы есеп құру;

10) бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің әрекетін үйлестіру және бюджеттің орындауын ұйымдастыру;

11) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттерді талдау;

 12) бюджеттік мониторингті және есепті жүргізу;

13) аудан мемлекеттік мекемелерінің (өзгерістер мен толықтырулардың жобасы) бюджеттік бағдарлама жобаларын келісу; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік мекемелерінің әрекетін үйлестіру және талдауын жүзеге асыру;

14) бес жылдық мерзімге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

15) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу;

16) аудан бойынша жоспарланған көлемдерде жұмыс және қызмет көрсету және тауарларды сатып алудың, жалпы жинақтық номенклатурасын құрастыру және оларды өкілетті органдарға ұсыну;

17) ауданда мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселесі бойынша мониторингін жүзеге асыру;

18) аудан аумағын даму Бағдарламасын әзірлеу бойынша аудандық мемлекеттік мекемелерінің қызметін үлестіру;

19) «Өңірлерді дамыту» аудан аумағын даму Бағдарламасын іске асыруын келісу және мониторинг жүргізу;

20) бюджеттік инвестициялар, бюджеттің дамуы, бюджеттін нақтылау еңбек ақысына бөлінген шығындарды мониторингілеу;

21) жергілікті бюджетке кірістердің болжамы;

22) әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын келісу және бөлімнің құзыретінің шегінде олардың қорытындысын беру;

23) өз құзыреті шеңберінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

24) заңнамалық актілерге сәйкес аудан әкімдігінің коммуналдық мүлігін пайдалану, иемдену бойынша өкілеттікті жүзеге асыру, аудандық коммуналдық мүлікті тиімді, ұтымды пайдалану және сақтау жөніндегі мәселелер бойынша, қорғау бойынша, жүргізілетін жұмыстар бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;    

         25) аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру;

          26) аудан әкімдігімен белгіленетін шаруашылық жүргізу құқығы бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігін аударуларының нормативтерін келісу;

         27) шаруашылық жүргізу құқығы бойынша коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінің өз уақытында толық есептеу және аударылуына, сондай-ақ сметадан тыс алынған қазынашылық кәсіпорындардың табыстарына бақылауды іске асыру;

         28) акцияларға, аудандық бюджет табысына аудандық коммуналдық меншікке қарасты акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) дивиденттерінің уақытында толық есептелуін және аударылуын бақылауды іске асыру;

         29) мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың акционерлік қоғамдардың және шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлесімен тізілімдерін жүргізу, осы мекемелерде мүліктерді түгендеу және есепке алу

         30) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің тоқсан сайынғы мониторингісін іске асыру;

         31) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің әзірленген жоспарына бақылауды іске асыру;  

          32) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын есептерін жасау және орындау бойынша есептердің жасалуына бақылауды іске асыру;

         33) аудандық коммуналдық мекемелер және кәсіпорындар мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілік шектеулі серіктестіктердің мүлігіне түгендеудің жүргізілуіне бақылауды іске асыру;

         34) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларына бекіту;

         35) аудан аумағында айқындалған иесіз жылжымайтын нәрселерді есепке алу туралы өтініштерді жылжымайтын мүліктің мемлекеттік тіркеу құқығын іске асыратын органға жіберу;

          36) мемлекетке мұра құқығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртібінде берілген иесіз мүлік, табыс етілген мүлік, бақылаусыз қалған жануарлар Қазақстан Республиксының Заңнамасының белгіленген тәртібінде иесіз болып дәлелденген коммуналдық меншікке шағымдалған (түскен), мәдени құндылықтарға қатысты құрамында нәрселері жоқ қазына үлестерді аудандық коммуналдық мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, әрі қарай қолдануды  ұйымдастыру;

          37) кейінгі өтеуін төлеп алу құқықсыз, кейінгі өтеуін төлеп алу құқығымен немесе кейінгі тапсыру құқығымен жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың сенімгерлік басшылығына, шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне өтеусіз негізінде аудандық коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалға беруге);

         38) аудандық коммуналдық меншік объектілерімен сенімгерлік басқару бойынша  мүліктік жалға алуға (жалға беруге) шарттарын жасасу, өз құзіреті шегінде басқада шартарды жасасу оларға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу;

          39) мүліктік жалға беру, сенімгерлік басқару шарттары  бойынша, басқа шарттар бойынша жалға берушілермен, объектілерді сенімгерлік басқарушыларымен аудандық коммуналдық мүлік міндеттемені орындау бойынша  бақылауды іске асыру;

         40) мүлікті соның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін акционерлік қоғамдардың акцияларын және аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарлық капиталдағы қатысу үлесін, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беруді іске асыру; 

          41) мүлікті соның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін акционерлік қоғамдардың акцияларын және облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарлық капиталдағы қатысу үлесін, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлігін аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне қабылдауды іске асыру

              42) аудандық коммуналдық меншіктің коммуналдық заңды тұлғалар арасында мүлікті таратуды іске асыру;

43) коммуналдық заңды тұлғалар баланстарынан негізгі құралдарды жою бойынша жұмыстар жүргізу.

44) аудандық коммуналдық меншік объектілеріне меншік құқығын растауды іске асыру.

         45) аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізіміне кіретін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органынан алдын ала келісімін алу;

46) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруды жариялау үшін «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы                      № 434-V Заңына сәйкес мерзімді басылымды айқындау бойынша конкурс өткізу;

47) аудандық коммуналдық мүлікті бағалау «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңында белгіленген жағдайда «Мемлекеттік сатып алулар туралы»                               Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

48) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген аудандық коммуналдық мүлікке баға беруді өткізу бойынша жеңімпаздармен шарт жасасу;

         49) тендер шарттары бойынша аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру немесе сенімгерлік басшылыққа беру, сауда-саттықты  өткізу бойынша ведомствоаралық комиссия құру;

         50) аудандық коммуналдық мүліктің объектілерін алдын-ала сатуға дайындау бойынша жұмыстар жүргізу, жеке сауда-саттық бойынша жекешелендіру объектілерін тарату, сондай-ақ оларды өткізу бойынша мерзімін белгілеу, жекешелендірілген әр объект бойынша сауда-саттық нысандарын анықтау, жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең аз бағаларын анықтау және бекіту, кепілдік түсімдерді қабылдау және қайтару;

         51) аудандық коммуналдық меншік объектілерінің жекешелендірілуін ұйымдастыру және өткізу, аукциондарды, тендерлерді ұйымдастыру және өткізу барысына қадағалауды іске асыру;

         52) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін жекешелендіру шарты талаптарының орындалуын бақылау (постжекешелендіру бақылауы), осы шарттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу;

         53) сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты сауда-саттық қатысушылары, сатып алушылармен және ұйымдастырушылармен есеп айырысуды іске асыру;

         54) аудандық коммуналдық меншікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға алуға) беруден түскен ақшалай қаражаттың аудандық бюджет табысына уақытында түсуіне бақылауды іске асыру, сенімгерлік басшылық, қарыздарды өндіртіп алу бойынша шаралар қолдану;

55) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мониторингін және ауылдық елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығын анықтау жөніндегі мәліметтерді ұйымдастыру, бақылау және талдау;

56) өз құзыреті шегінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша функцияларды іске асыру;

57) ауыл тұрғындарының тіршілікпен қамтамасыз етілуі сәйкестігіне ауылдық елді мекендерді бағалауға қатысу және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі критерийлер бойынша ауылдық елді мекендердің сыныпталуын бақылау;

58) аудандық ұйымдардың қызметін үйлестіру және олардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімге жүктелген әрекетін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте бөлім ауданның жергілікті атқарушы органдарынан, ұйымдарынан, мекемелер және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардан құжаттары, қорытынды, анықтама және басқа мәлімдемелері, қажетті ақпараты сұрауға және алуға;

2) салық органдарынан бюджет алдында белгіленген уақытта және  нысан бойынша салықтардың түскен сомасы, басқа міндеттемелер туралы есептерді алуға;

3) аудан бюджетін жоспарлау және орындау, сондай-ақ тиімді экономикалық тиімділікке және жергілікті бюджеттік бекітілген бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) мақсатты орындалуына баға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарын бұзу себептеріне баға беруге;

         4) аудандық коммуналдық меншігіндегі аудандық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциалар пакетін (жауапкершілік шектеулі серіктестіктердің үлестерін) иемденуге, пайдалануға және билік етуге.

         5) бөлім қызметінің мәселелері, бөлімнің құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша әртүрлі деңгейдегі сот органдарына шағымдануға, иемдену мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы соттарында бөлім туралы түсінік беруге, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану және билік етуге;

         6) өз құзыретінің шеңберінде аудандық коммуналдық меншіктегі жекешелендірілетін объектілерді алдын-ала сатуға дайындалу шығындарын қаржыландыру үшін қаражатты пайдалануға, аукциондарды, тендірлерді ұйымдастыру және өткізуге, постжекешелендіру бақылауын жүргізуге, жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен заңды және жеке тұлғалардың сараптаушы және кеңес беруші ретінде шарт негізінде қабылдауға;

7) шарттың талаптарын бұзғаны, соның ішінде аудандық коммуналдық меншік объектілерінің меншіктік жалға беру төлемін төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін, тағайындалуна байланысты емес мүлік объектісін пайдалану үшін, оны жалға берушінің келісімсіз субжалға беруге, өткізу үшін, сондай-ақ жалға алушымен жалға берушінің келісімісіз қайта жаңғарту үшін, объектіні қайта жабдықтауға немесе өзгертуге, оның ішінде орналасқан инженерлік жүйелерді және коммуникацияларды, сенімгерлік басқару, аудандық коммуналдық меншік объектілерін, (ссуданы) өтеусіз пайдалануға, сатып алу-сату шарттарының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін төлемақы және айыппұл есептеуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті іске асыру.

9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті іске асыруға.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды заңнамаға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

Өкілетті орган белгілеген қолданыстағы заңдардың тәртібімен мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүлікті бекітеді;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекітеді;

3) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің нәтижелі пайдаланылып және сақталуына бақылау жүргізеді;

4) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекітеді, ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

5) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, құру тәртібін және басқару органының өкілеттік мерзімін анықтайды;

6) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндеттерін, құқығын анықтайды;

7) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штат саны шегін бекітеді;

8) жылдық қаржылық есептерін бекітеді;

9) белгіленген заңдармен өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, қолданылып жүрген заңнамалардың басқа жағдайларын есепке алмағанда, аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдына қойған міндеттері мен олардың қызметтерінің орындалуына дербес жауапты болады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы                 Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарымен және осы Ережемен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселлерін шешеді және оның құзыретіне сәйкес бастапқылық қағидатпен және өз еркімен іс-әрекет жасайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметінің басшылығын іске асыру кезінде белгіленген заңнама тәртібімен:

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

барлық ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;

қолданылып жүрген заңдардың шегінде және жағдайларында мүлікке басшылық етеді;

шарттар жасайды;

сенімхаттар береді;

банктік шоттар ашады;

бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа алады және жұмыстан босатады;

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданады;

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шегін анықтайды;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»                       Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленген негізгі Ережені сақтауды қамтамасыз етеді;

осы Ережемен және уәкілетті органмен, қолданылып жүрген заңнамалармен оған жүктелген басқа да қызметтерді іске асырады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлерінің зейнеткерлік қамтамасыз етілуі мемлекеттік қызмет және зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше көзделмесе «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және жою

 

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қайта ұйымдастыру (бірігу, қосып жіберу, айырылу, бөліну, өзгеру) түрінде тоқтатылуы және жойылуы жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі жүзеге асырылады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі және өзара қарым-қатынасы

 

 

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және уәкілетті органдардың арасындағы өзара қарым-қатынасы анықталады және реттеледі.
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасында өзара қарым-қатынасы анықталады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімікоммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

 

_________________

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕCІ
Дата публикации
27 декабря 2019