Аққайың ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «9» наурыздан
№ 65 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Смирново ауылы
І. Жалпы ережелер
мемлекеттік тілінде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел физической культуры и спорта акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области».
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытуды жүзеге асыру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру мен спорттық материалдық-техникалық базасын кұру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық, аймақаралық спорт ұйымдарында, ауданның мүдделерін білдіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт салаларының мүдделерін республика, облыс және аудан алдында көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес саланың ақпараттық–жарнамалық және баспа жұмыстарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт қозғалысын насихаттау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт салаларындағы кадрлар потенциалын талдау, оның мамандарға мұқтаждығын алдын-ала болжау, кадрларды дайындау, мамандығын жетілдіру және орынды пайдалану;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделі ведомстволармен бірлесіп дене шынықтыру мен спорт саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
- Мемлекеттік дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі аудан ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, сонымен қатар саланың өзекті проблемаларын практикалық шешу жөніндегі ауыл әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі спорттық разряд пен біліктілікті ресми мойындау мақсатында спорт жөніндегі жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға мемлекеттік қызметін көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатын жүзеге асырудағы дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы негізгі бағыттарды анықтайды дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі перспективалық ағымдағы, мақсаттық бағдарламаларды өңдейді және жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің қаулыларын дайындауға, өз саласының аймақтық бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын калыптастыруға қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түрлі ведомстволар және қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын дене шынықтыру және спорттық шараларын үйлестіреді, бірыңғай іс-шаралар және жарыстар тізбесін бекітеді, оның өткізуіне басшылық етеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт ұйымдарымен методикалық басшылықты жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық құрама командаларын дайындауды жүзеге асырады, аудан спортшыларын облыс, Республика ойындарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделі ведомстволар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жөнінде жұмыс жүргізеді, ведомстволық тәуелділікке және салалық орталықтарына қарамай, спорт клубтары мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлеріне, аудан шаралары жүлдегері мен жеңімпазына бағалы сыйлықтар беру, оларды грамоталармен, дипломдармен, медальдармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіпте шешеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңда белгіленген мерзімді есеп-қисаптық есеп жасап, оны белгіленген мекен жайларға тапсырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім мен тәртіп бойынша статистика органдарынан және тиісті басқармалар мен ведомстволардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан деңгейіндегі спорттық іс-шараларды өткізуді, сонымен қатар мүгедектердің дене тәрбиесі-спорттық бірлестіктермен бірлесе отырып мүгедектер арасындағы облыстық сайыстарға дайындалу мен қатысуды ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушыларға, дене тәрбиесі мұғалімдеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде спорттық дәрежелерді: екінші спорттық дәреже, спорт бойынша төреші, жоғары және орта деңгейдегі екінші біліктілік дәреже береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның спорттық ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру мен спорттың дамуы, аудандағы статистикалық мәлеметтер туралы ақпаратты дене шынықтыру мен спорт жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары дәрежедегі спортшылардың сапалы дайындығын бақылауды іске асырады және көмек көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданда салауатты өмір салтының нәтижелері мен қағидаларын насихаттайды.
Ведомствоның функциялары:
- балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан–жақты дене дамуына бағытталған дене шынықтыру–сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады;
- оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту жұмысын атқарады, спорт бойынша әдістемелік және бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептерге жан–жақты көмек көрсетеді;
- жоғары білікті спортшыларды, облыстың құрама командасының мүшелерін, сондай–ақ Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер мен мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді;
- қаланың, облыстың және одан тыс жерлердегі спорттық ғимараттарда спортшылар үшін оқу–жаттығу жиынын ұйымдастырады;
- жеке дайындалу жоспары мен бұқаралық спорт жарыстары күнтізбесіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
- спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды спорттық формалармен, керек - жарақтармен және жабдықпен қамтамасыз етеді;
- жергілікті деңдейде іс–шараларын ұйымдастырады және жүргізеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың барлық құқықтарын пайдаланады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- спорт және дене шынықтыруды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады және саланың барлық кұрылымының қызметіне ықпалды жағдай жасайды;
- Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде қарастырылған органдарға мерзімінде есептік ақпар және басқа да қажет мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.
қызметін ұйымдастыру
- мамандарға міндеттерін бөліп береді, олардың жауапкершілігінің деңгейін белгілейді;
- мекеменің қызметкерлерін ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын заңға сәйкес жұмысқа қабылдап, жұмыстан босатады;
- өз қызмет бабы шеңберінде тиісті бұйрықтар мен нұсқаулықтар береді;
- бөлім жұмысын басқарады және ұйымдастырады және бөлімге жүктелген қызметтер мен мәселелерді орындауға жауапты;
- бөлім қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жауапты;
- бөлімнің ережесін, штаттық құрамның лимитін және құрылысын аудан әкімдігіне бекітуге береді, қосымша төлеулерді орнатады, еңбек ақы қорының үнемдеу көлемінде мемлкеттік қызметшілерге қордың материалдық мадақтауды және тәртіптік жазалау шараларды қолданады;
- бөлім құзыретінде бөлімге қатысты қызметтік құжаттарға қол қояды;
- аудан әкімі орынбасарларымен келіслгеннен кейін бөлімнің жоспарларын бекітеді;
- жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, қызметшілерді іс-сапарға жібереді;
- бөлімде ішкі еңбек тәртібін орнатады;
- Заңмен белгілеген тәртіп бойынша ынталандыру және тәртіптік жазалау шараларды қолданады;
- ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнама талаптарын орындалуды қамтамасыз етеді.
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай–ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.