«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы әкімдігінің

2016 жылғы «30» желтоқсандағы

№ 335 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

2016 жыл

  1. Жалпы ережелер

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. ««Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ведомстволары жоқ.

Коммуналдық мемлекеттік мекемесін заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шарттық міндеттемелерге сәйкес бекітілген жауапкершілігі қаржыландыру жоспары шеңбері шегінде туады.

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектілерінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, ведомстволық нормативтік-құқықтық актілеріне, әкімдіктің қаулыларына, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдеріне және де осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгісінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазынашылық органдарында шоты бар.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілерімен ресімделген шешімдер қабылдайды.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесі, 37.
  8. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел земельных отношений акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области».

  1. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, егер басқасы заңнамалық актілермен бекітілмесе.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне келісім шарт жасау қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті атқаруға құқық берілген кезде, осы қызмет бойынша қабылданған кірістер мемлекет бюджетіне бағытталынады.

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

мақсаты мен мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты мен мәні: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жерді қорғау және ұтымды, тиімді қолдану үшін жағдайлар жасау, ауданның экономикалық дамуына әсер ететін құнарлы топырақты арттыру және жер қатынастары аймағындағы заңдылықты күшейту.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функцияларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес міндеттер:

1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;

4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;

5) жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;

6) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.

  1. Қазақстан Республикасының Заңдарымен және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес функциялары:

1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

7) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді  ұйымдастыру;

10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын,  аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

11) аудандардың жер балансын жасау;

12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің  паспорттарын беру;

14) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

15) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.

20) жер мәселелері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша арыздарын қарау, жер заңнамасын түсіндіру жөнінде консультация өткізу;

21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын жоғарылату, табиғатты қорғау басқа да табиғатты қоргау іс шаралармен  кешенді түрде жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды сәйкес  өкілетті органдармен бекіту және олардың орындалуын қамтамассыз ету үшін әзірлеу;

22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық (селолық) атқарушы органдарға берілген ауыл шаруашылық алқаптарын қоса, елді мекендер аумағындағы жер-шаруашылық орналасу жоспарларын сәйкес өкілетті органға бекітуге және олардың орындалуын қамтамассыз ету үшін әзірлеу.

23) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер пайдаланушылары және жер учаскесінің меншік иелері, алқап, санаты бойынша олардың бөлінгені және жердің бар екендігі туралы,  бұзылған жерлерді орнына келтіру, топырақтың өнімді қабатын қолдану және алып тастау туралы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы аудан есебін құру және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне және аудан әкімдігіне оларды ұсыну;

24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтірді көрсету;

25) Аққайың ауданы әкімдігінің шешімдері, қаулылары жобаларын әзірлеу;

26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген, функцияларды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен басқа да материалдарды ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, ауданнның жергілікті атқарушы органдарынан сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, баланста тіркелген коммуналдық мүліккті пайдалану, ие болу және иелік ету;

3) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық сот инстацияларына жүгіну;

4). «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті іске асыру.

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды заңамаға сәйкес айқындалған уәкілетті орган жүзеге асырады.

         Өкiлеттi орган белгiленген қолданыстағы заңдардың тәртiбімен мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

         1) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүлікті бекітеді;

         2) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекітеді;

         3) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің нәтижелі пайдаланылып және сақталуына бақылау жүргізеді;

         4) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесін бекітеді, ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

5) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, құру тәртібін және басқару органының өкілеттік мерзімін анықтайды;

         6) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының құқықтары мен міндетін анықтайды;

         7) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штатық саны шегін бекітеді;

         8) жылдық қаржылық есептерін бекітеді;

         9) заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

         «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданып жүрген заңнамалардың басқа жағдайларды есепке алмағанда, аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған жағдайда басшы өкілеттігін оның орынбасары атқарады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдына қойған міндеттері мен олардың қызметтерінің орындалуына дербес жауапты болады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының анықталған заңдарымен және осы Ережемен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін шешеді және оның құзыретіне сәйкес бастапқылық қағидатпен және өз еркімен іс-әрекет жасайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің басшылығын іске асыру кезінде белгіленген заңнама тәртібімен:

         «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

         барлық ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;

         қолданып жүрген заңдардың шегінде және жағдайларында мүлікке басшылық етеді;

шарттар жасайды;

сенімхаттар береді;

банктік шоттар ашады;

бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;

         «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа алады және жұмыстан босатады;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалып және босатылады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданады;

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шегін анықтайды;

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген негізгі Ережені сақтауды қамтамасыз етеді;

         бағыныштылар арасында орындамаған үшін дербес жауапты болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды қабылдайды;

         Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтаулуын қамтамасыз етеді;

мемлекеттік кепілдігі туралы ерлер және әйелдердің тең мүмкіндіктері және тең құқығы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;

негізгі Ереже және құзыретті органымен заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлерінің зейнетақымен қамтамасыз етілуі мемлекеттік қызмет туралы және зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел құқығында оқшауланған мүлікті болуы мүмкін.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен басқасы орнатылмаған жағдайда «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және жою

 

 

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтің тоқталуы ұйымдастыру (бірігу, қосып жіберу, бөліну, ерекшелеу, жаңадан құру) және жойылуы түрінде жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі жүзеге асырылады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылады.

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі мен қарым-қатынасы

 

 

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және уәкілетті органдардың арасындағы өзара қарым-қатынас анықталады және реттеледі.
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасында өзара қарым-қатынасы анықталады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республиқасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
15 марта 2019