Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «30» сәуірдегі № 89
қаулысымен бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Смирново а. 2020 жыл
1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектілерінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы мәдениет, тіл, ішкі саясат және дін саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік-құқықтық актілеріне, әкімдіктің қауларына, облыс және аудан әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді. 4. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазыналық органдарында есеп шоттары бар. 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
Коммуналдық мемлекеттік мекемемен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған тәртіпте тіркеуге жатады.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес егер оның осыған уәкілдігі болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқығы бар. 7. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшының бұйрығымен рәсімделген заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 8. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10 . Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области».
11. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің қаражыландырылуы аудандық бюджет қаражатынан іске асырылады, егер басқасы заңнамалық актілермен белгіленбесе. 13. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындауға кәсіпкер субьектілерімен келісімдік қарым-қатынасқа өтуге тыйым салынады. Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні мен мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні мен мақсаты: Аудандық мәдениет және тілдік саясат саласында мемлекеттік егемендікті нығайту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу, қоғамдық үдірістерді демократияландыру және қоғамды нығайту.
1) қоғамдық - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үрдістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;
2) қоғамдық - саяси саладағы, ішкі саясат сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнаманы, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау мен түсіндіру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру мен әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайту, «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
4) азаматтық бірігейлік, аудан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарды қалыптастыру негізінде ішкі саясат саласында концептуалды негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сонымен бірге қоғамды біріктіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
5) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістер мен тенденцияларды және олардың дамуын жаң-жақты және объективті түрде оқу, жалпылау және талдау;
6) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, оны жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
7) аудандағы қоғамдық - саяси жағдайларды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулерді жүргізу;
8) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық - саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен өзара әрекет жасау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан аумағында мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуына бақылау;
10) жалпы мемлекеттік ішкі саяси бағытты, соның ішінде халықпен ақпараттық – түсіндіру жұмыстың нысандарын және тәсілдерін жетілдіру негізінде аудан әкімінің басшылығымен аудан деңгейінде жүзеге асыру;
11) ауданда мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен мемлекеттің ішкі саясатын жүзеге асыруын, соның ішінде Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау.
12) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл және жастар саясаты салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәдени-бос уақытты өткізу жұмысын, кітапханалық және мұражайлық, музыкалық, театрлық істер салаларында ауданның мәдениет мемлекеттік ұйымдарын сақтау және құру; 14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметін үйлестіру және қолдау; 15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет мекемелерін қолдану және мәдени өмірге қатысу, азаматтардың еркін шығармашылығына конституциялық құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін аудан аумағында мәдени, тіл саясатын қалыптастыру және қамтамасыз ету; 16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан аумағында тұратын этникалық қауымның, ұлттық мәдениеттің, тарихи және мәдени мұрасының дамуын және сақталуын қолдау; 17) мәдени мекемелердің қызметін анықтайтын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне оперативті басшылық ету.
1) iшкi саяси үрдістерді мемлекеттiк реттеуге қатысу, iшкi саясат саласында жергiлiктi мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды, саяси партиялардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау, болжау және мониторингін ұйымдастыру, ұсыныстар әзірлеу және ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның топтасуын, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң тапсырмаларын, облыс және аудан әкiмдерінiң шешiмдерiн, өкiмдерiн және тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
3) тұжырымдама құжаттарын әзiрлеуге қатысу, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретiне енетін мәселелер бойынша аудан әкiмінің және әкімдігінің актілерінің жобасын әзірлеу және сараптау;
4) аудан туралы, билiк органдарының қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы қызметi туралы ақпараттың таралу жүйесін жетiлдiру жөніндегі әкiмдіктің жұмысына қатысу;
5) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретiне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігі бөлімшелерімен, облыстық ішкі саясат, дін істері, жастар саясаты, мәдениет және тілдерді дамыту басқармаларымен ұйымдастыру және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
6) жергiлiктi қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өтуiн саяси қамтамасыз ету;
7) мемлекеттiң iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелерi бойынша селолық округтар әкiмдерiнiң, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихаттық жұмыстарының қызметі мен барысын үйлестiру және бақылау;
8) ауданның iшкi саяси өмiрiндегi, мәдениет және тілдерді дамыту маңызды мәселелер бойынша аудан әкiмдiгiнiң отырыстарына материал дайындауға қатысу;
9) iшкi саясат, этносаралық қатынастар саласында, Қазақстан Республикасында адам құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамасыз етуде мемлекеттiк саясатты айқындайтын тұжырымдамаларын, бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
10) ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және сыныптау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру (компьютерлiк, мәтiндiк);
11) саяси партиялар, этномәдени бiрлестiктер, құқық қорғау, дiни және басқа қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
12) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретiне енетiн ұйымдастыру-әдiстемелiк және ғылыми-зертеу жұмыстарды орындау;
13) аудандық саяси партиялар филиалдарының қызметi туралы ақпаратты жинау және талдау;
14) ауданның ішкі саяси жағдайын талдау және болжау;
15) саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстардың өзара іс-әрекеттестігі мәселелерi бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдерді өткiзудi ұйымдастыру;
16) iшкi саяси үрдістерді, аудандағы қоғамдық пiкiрлердiң жағдайын, азаматтардың электоралды көңiл күйiн, мемлекеттiк органдардың жұмысын жан-жақты зерттеу және талдау;
17) аудан әкiмiне iшкi саясат мәселелері бойынша, маңызды саяси оқиғалар туралы, сондай-ақ қоғамдық-саяси саладағы, дiндегі жағдайлардың өзгеруі, мемлекеттiк органдардың ақпаратты-насихаттау және идеологиялық жұмыстары, әлеуметтiк шиеленiс көздерi туралы талдамалық материалдарды, мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
18) аудан аумағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолдануын (орналастыру, үлестіру) бақылау;
19) саяси партиялар, кәсiподақтар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, дiни бiрлестiктер туралы мәліметтердің мониторингі;
20) ұсынылатын ақпараттың сапасы және мониторингін жүргiзудiң жүйесін мен әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша селолық округтар әкімдерімен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекеттестік;
21) аудандағы мемлекеттiк органдардың ақпараттық-түсiндіру жұмыстарын медиа-жоспарларын жүзеге асыру және үйлестiру;
22) бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі мәтін бойынша - БАҚ) бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде заңнаманы сақтау бойынша мониторингін жүргізу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіпте мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және бақылау;
24) мемлекеттiк органдардың БАҚ-пен өзара іс-әрекеттестігін ұйымдастыру және үйлестiру, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн көрсету бойынша БАҚ-пен мақсатты шаралар әзірлеу және өткiзу, журналистердiң кәсiптік ұйымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
25) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық-түсiндіру жұмыстарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарының жұмыстарын үйлестiру;
26) БАҚ-да жастардың патриоттық тәрбиенi насихаттау;
27) ауданның өзекті iшкi саяси мәселелерiн жедел жариялауды ұйымдастыру;
28) ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды қамтамасыз ету;
29) мемлекеттiк жастар саясаты саласында жергілікті атқару органдардың жұмысын үйлестіру;
30) аудан әкімі жаныдағы жастар істері бойынша кеңестің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
31) Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі мәтін бойынша — ҮЕҰ) мемлекеттiк қолдау Тұжырымдамасына сәйкес ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекеттестікті жүзеге асыру;
32) аудандық ҮЕҰ ұйымдастыру-тәжiрибелiк, әдiстемелiк, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсету;
33) ҮЕҰ үшiн ақпараттық-әдiстемелiк материалдарын дайындау;
34) діни-ағартушылық қызметін атқаратын және саны аз, заңды тұлға белгісі жоқ ұйымдар арқылы уағыздауды және түрлі діни ілімдер таратуды жүзеге асыратын шетелдік азаматтар қызметінің мониторингі;
35) мемлекеттiк рәмiздер бойынша аудандық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
36) аудан әкімдігі жанындағы діни бірлістіктермен байланыс бойынша, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет бойынша және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша Кеңестердің жұмысын ұйымдастыру;
37) аудандық деңгейде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
38) бұқаралық ақпарат саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, шетел басылымдарының таратылуын бақылау;
39) өз өкілеттігі шегінде ауданда ішкі саясаттың дамуына арналған қаржылық қаражаттарды тиімді пайдалауының бақылауын қамтамасыз ету;
40) жастар саясаты шеңберіңде Аққайың ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
41) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттерін орындау;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құзыреттерді іске асырады;
43) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру.
44) аудандық конкурстар мен фестивальдерді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 45) мәдениет саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты бойынша мониторинг жүргізу; 46) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру; 47) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың қызығушылығын есепке ала отырып, ауданның мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі келешекке арналған жоспарларды әзірлеу; 48) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сонымен қатар көркем өнерпаз қатысушыларын және ұжымдардын қатыстырумен фестивальдар мен байқауларды басқа да шығармашылық жобаларды өткізуді іске асыру; 49) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді басқарушы кадрларымен жинақтау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мәдениет мекемелерінің басшыларын тағайындауды және жұмыстан босатуды жүзеге асыру; 50) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның мәдениет мемлекеттік ұйымдарында аттестация өткізу; 51) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 52) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша «Мәдениет мекемелерінің негізгі қызметі жөніндегі есептің» әкімшілік деректерін жинауды және ұсынуды іске асырады; 53) бюджетті қалыптастыруда ведомстволық мекемелердің қаржыландыру көлемін анықтау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәдениет қызметінің іске асырылуына бюджеттен бөлінген қаражатты таратудың тиімді қолдануын бақылайды; 54) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудан деңгейіндегі іс-шаралады өткізу; 55) атқарушы органдарға ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді атау және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстарды енгізу; 56) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты сұрау, құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және басқа да мекемелерді қатыстыруға тарту;
57) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, жаңарту және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
58) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
59) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құзіреттерді жүзеге асыру.
1.1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің функциялары:
ауданда аумақтық жастар бағдарламасын іске асырады, Орталық өндіріс-шаруашылық қызметін жүзеге асырады;
жастардың кәсіпкерлік қызметін қолдап, дамытады;
жастардың өзін-өзі басқару нысандары дамуына қолдау көрсетіп, жастардың бос уақытын ұйымдастырады;
жастар арасында құқықтық ақпараттандыруы мен насихаттауын, оның құқықтарын жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау (кездесулерді, семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» өткізу) іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
жастардың интеллектуалдық шығармашылық потенциалының дамуына қолдау көрсетіп, өзіндік іске асырылуға жағдайлар жасап, дарынды жастарды қолдап, дамытады;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды іске асырады.
1.2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның функциялары:
халық шығармашылығы, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделуін сақтау және насихаттау;
Қазақстан Республикасында тойланатын мерекелерді, ән мен би мерекелерін, тұсаукесерлер, фестивальдар, байқаулар, айтыстар, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнерінің көрмелерін ұйымдастыру; ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру; мәдени-бос уақытты өткізу қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, насихаттау, оларды енгізу және бөлісу;
облыстық, аймақтық, республикалық мерекелерге, байқауларға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
этномәдени бірлестіктерді қолдау;
ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағыталған әртүрлі мәдени акцияларды, бастамаларды, мәдени-бос уақытты өткізу қызметін қолдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1.3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің функциялары:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа, кәсіпорындарға, ұйымдарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады, аудан кітапханаларының стационарлық және стационардан тыс желісін дамытады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес техникалық жағдайлармен және стандарттармен, қорлардың есеп жүргізуін, сақтайу және пайдалануды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес технологияны толық жетілдіру жолымен қызметшілер мен пайдаланушылардың жұмысы үшін тиімді жағдайларды жүзеге асырады, осы бағытта ғылыми-практикалық өңдеулер жүргізеді, семинарлар мен консультациялар өткізеді, ақпараттық технологиялар бойынша кітапханалық жұмыстар жүргізеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдалану Ережесіне сәйкес кітапханалардың пайдаланушыларына (азаматтарға, ұйымдарға, мекемелерге) тегін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға оның негізгі қызметіне жатпайтын түрлеріне соның ішінде ақылы қызметтер көрсетеді;
оқу және ақпарат саласында әлеуметтік сауалнаманы ұйымдастырады және өткізеді, сауалнама нәтижелерін жұмыс тәжірибесіне енгізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) Шешімдер қабылдауға, бұйрықтар шығару;
2) Ішкі саясат, мәдениет және тлдерді дамыту саласындағы нормаларды, ережелер мен әдістемелік құжаттар мәселелері бойынша түсініктеме беру;
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін ауданнның жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардан, құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұрату және алу;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, теңгерімде тіркелген коммуналдық мүлікті пайдалану, ие болу және иелік ету;
5) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сот органдарының барлық инстацияларына жүгіну;
6) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті іске асыру.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін заңнамамен белгіленген жағдайларды қоспағанда,аудан әкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған жағдайда, басшы өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйке оның орнын баса тұратын тұлға атқарады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, ер адамдардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың басшыларын қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға заңмен белгіленген тәртіпте көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады, аппараттың басқа қызметкерлерінің атынан мемлекеттік органның мүддесінде белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға өкілеттіктер береді;
бағынышты қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шаралар қолданады, жемқорлыққа қарсы әрекеттер қолданбаған үшін дербес жауапты болады;
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін, құрылымын аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады, үстеме ақыны, қаржыландыру жоспарын үнемдеу шегінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге материалдық көтермелеуді (сыйақыны) белгілейді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді, бюджетпен көзделген ақша қаражатын пайдаланады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптар Жинағын бекітеді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, даярлау, оқуын қамтамасыз етеді;
оған заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
19. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Респуликасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлігі оған құрылтайшы берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және өзге де көздерден сатып алынған (ақшалай табыстарды қоса алғанда) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған мүлік есебінен қалыптасады.
27. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, аптасына бес күн, демалыс күндері: сенбі, жексенбі, түскі үзіліс - сағат 13.00-дан 14.30-ге дейін.