Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
2018 жыл
Мекеменің орналасқан жері: 150300, Қазахстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Зелёная көшесі, 13.
мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел архитектуры, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области».
.
1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) экология және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес елді мекендердің құрылыс салуы, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымы, абаттандыруды кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну;
4) аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару.
1) сәулет және құрылыс саласында:
заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (елді-мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын, елді мекендер құрылысыс хемасын, елді мекендердің бас жоспарларын) iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдердің жобаларын дайындау;
аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларын, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп - ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
салынып жатқан және салуға белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы қайта құру туралы шешім қабылдау;
ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін сұралып отырған жағдайда жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберу;
өтініш берушімен «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАК филиалы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Аққайын аудандық бөлімі арқылы хабарлама жіберу жолымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін келісу;
елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру;
салу үшін сұралып отырған жер учаскесі бос емес болған жағдайда жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытынды ресімдеу;
бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қол жетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сәулет және құрылыс саласындағы құзыреті шегінде және тәртіппен қолданып жүрген заңдарда белгіленген;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын және оны бөлуді ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізу;
жалдаушылармен коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жалдау шарттарын жасау;
кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шарттармен және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;
ауданның елді мекендердің санитарлық тазалау, өтініш коммуналдық қалдықтарымен абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
ауданның су құбырларын, тазалау құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа көлік пен инженерлік инфрақұрылымының нысандарын салу және пайдалануды ұйымдастыру;
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыс істеуге дайындалу бойынша жұмысын үйлестіру, отын дайындау барысына мониторинг жүргізу;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, қайта құру, жөндеу және күтiп - ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту;
жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлеу;
ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
аудан әкімдігінің қарауына сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы стратегиялардың мақсаттары, басымдылықтары бойынша ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;
мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудандық консультациялық-кеңесші органдарының отырыстарына қатысу;
белгіленген тәртіпте аудан аумағындағы құрылыс және қайта құру нысандарына бару;
өз құзыреті шегінде жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру, құрылыс салу және абаттандыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.
19 Мекеме басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Мекеме қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жауапкершілік тартады;
аудан әкіміне бөлімнің штаттық кестесін бекітуге ұсынады;
құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және аудан әкіміне нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды қарауға ұсынады;
Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін белгілейді;
Мекеме қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Мекеме бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырма береді;
Мекемені мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
Мекемеде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
Мекемеде ер азаматтардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Мекеме және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган («Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі») мекеме және тиісті саланың уәкілетті органы, («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ ), мекеме басшысы және оның жұмысшылары арасындағы өзара қатынастарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады;
Мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
Мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25.Таратылғаннан кейін мекеме мүлігін реттеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жүргізіледі
26 Мекеме ережесіне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
.