Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,
дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық (ҮЗІНДІ)
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы №21/183 қаулысымен бекітілген
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,
дауыс беру пунктін жарақтандыру
Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген көрсеткіштер ілінеді.
1) үстелмен немесе тұғырлықпен, қаламдармен жабдықталған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар;
2) тұрақты сайлау жәшігі (үй-жайда (пунктте) дауыс беруге арналған);
3) тасымалдау үшін тұтқалары бар тасымалданатын (екі дана) сайлау жәшіктері (үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған);
4) телефон аппараты;
5) үстел шамы, сағат;
6) сейф немесе металл шкаф;
7) калькулятор;
8) көшіру аппараты;
құралдарының өкілдері үшін орындықтар;
11) кемінде екі компьютер (оперативтік жады кемінде 2 Гб процессор, офистік, антивирустық бағдарламалар мен pdf форматында құжаттарды оқу және басып шығару үшін бағдарламалар орнатылған дербес компьютерлер мен жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйе, олардың біреуі мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған.
Тасымалдау үшін тұтқалары бар тасымалданатын сайлау жәшігі қалыңдығы 0,5 сантиметрден кем емес, биіктігі 40 сантиметр, ені 30х30 сантиметр мөлдір материалдан (оргшыныдан)жасалған жәшікті білдіреді, жоғарғы қақпағында (ортасында) ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуғаарналған ойығы бар, мөр басуға немесе пломба салуға арналған құрылғылары баржәшік пен қақпақ.
Сайлау жәшіктерінің бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 сантиметр бейнесі орналастырылады.
сайлау комиссиясының құрамы;
жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының мекенжайлары мен телефондарының нөмірлері;
дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері;
кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Конституциялық заңның 28-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат;
тиісті сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 39-бабы 2-тармағына сәйкес белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) тәртіп ережелері;
сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының көшірмесі (қорытындылары шығарылғаннан кейін).
Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде) сайлау құжаттамасының, жабдықтардың және өзге де материалдардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
1) сайлау комиссиясының мөрі;
2) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы;
3) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы, сондай-ақ өзге де ақпараттық-әдістемелік материалдар;
4) дауыс беруге арналған жәшіктерге, сайлау құжаттамасына мөр басуға немесе пломба салуға арналған құралдар, пломбалар;
5) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, карындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар) орналасады.
3-тарау. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс
беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері
әр түрлі тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше);
тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло- арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар);
мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін төмендегілерді қамтитын арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет:
1) мониторлы компьютер (диагоналі кемінде 54 сантиметр), онда мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат орналасуы тиіс;
2) құлақаспаптар;
3) Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка;
4) қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар.