Аққайың ауданы әкімінің аппаратында 2022 жылдың
9 айының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
Аққайың ауданы әкімінің аппаратына (бұдан әрі - Аппарат) 2022 жылдың 9 айы үшін 155 өтініш түсті және қаралды, соның ішінде:
- жеке тұлғалардан - 179;
- заңды тұлғалардан - 36;
- соның ішінде жеке қабылдау - 63.
215 өтініштің барлығы белгіленген мерзімде қаралды, соның ішінде 189 өтініш аппаратта қаралды, 26 өтініш жүгінушілерге ескерте отырып, құзыреттілігі бойынша қарастыру үшін басқа субъектілерге жолданды. Қаралған өтініштер бойынша төмендегідей шешім қабылданды:
Барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шағымдану құқығы түсіндіріле отырып белгіленген тәртіпте жауаптар берілді.
Өтініштерді сипатына қарай талдау төмендегі мәселелер бойынша барынша көп өтініш түскенін көрсетті:
|
Өтініш мәселесі |
2022 |
|
- ТҮКШ |
44 немесе 20,4 % |
|
- жер және жер пайдалану |
33 немесе 15,3% |
|
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақылық қамту |
16 немесе 7,4% |
|
- ауыл шаруалығы |
9 немесе 4,2% |
|
- құрылыс |
4 немесе 1,9% |
|
- лауазымды тұлғаларға шағым |
2 немесе 0,9% |
|
- өзге де мәселелер |
107 немесе 49,7 % |
Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыруға келсек, 2022 жылдың басынан 63 қабылдауда 97 адам қабылданды, соның ішінде аудан әкімімен - 85, аудан әкімінің орынбасарларымен - 7, аудан әкімі аппараты басшысымен 5.
Аудан әкімі аппаратының
басшысы М. Дүйсембаева