САЙЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУ
ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 11 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде, Аққайың аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қиялы сайлау округі
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1393 азамат енгізілді, оның ішінде 1117 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 25, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 44.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбдісадықов Б.Ә., –33; Гоц Е.Ю. – 996; Құсайынова Д.М. – 19.
Қиялы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Гоц Евгений Юрьевич, 1984 жылы туған, «Қиялы элеваторы» ЖШС шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Қиялы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы